Ректор пәндік олимпиада жүлдегерлерін қабылдады

Дулати университетінің студенттері биыл республикалық пәндік олимпиадада жақсы нәтиже көрсеткен болатын. Университет ректоры Мұхтар Байжұманов білім бәсекесінде табысқа жеткен жүлдегерлерді қабылдап, жеңістерімен құттықтады.

Әр студенттің қол жеткізген жетістігі – университет оқытушыларының еңбегінің жемісі екенін атап өткен Мұхтар Қазбекұлы жастарға білім-ғылым жолында талмай еңбектенуге, өнер үйреніп, спортты серік етуге кеңес берді.

Жалпы студенттер арасында өтетін республикалық пән олимпиадаларының берері мол. Қай сәтте де бәсекелік қабілет биікке бастайтыны айтпаса да түсінікті. Осы тұрғыдан алғанда, университет басшылығы жастарға білім бәсекесіне қатысуға мүмкіндік туғызып, бақ сынап көруіне жағдай жасап, үлкен қолдау көрсеткенін айту керек.

2

3

4

5

6

7

8

9

Прочитано 702 раз
Top