XV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНДА DULATY УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

«6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша ҚР жоғары оқу орындары студенттері арасында Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орайластырылған XV республикалық пән олимпиадасында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті командасы ІІ ДӘРЕЖЕЛІ диплом иеленді.

Олимпиаданың өткізілу мақсаты – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алатын студенттердің әдеби-тілдік, ғылыми-танымдық, әдістемелік білімдерін анықтап, ақыл-ой әлеуетін тереңдетуге бағыт беру.

1-кезең – «Қазақ тіл білімі», «Әдебиеттану» бойынша тест тапсырмаларын орындау.

2-кезең – Кешенді тілдік және әдеби-теориялық талдау

3-кезең – Сабақ беру үлгісін көрсету сынды 3 кезеңнен тұратын пән олимпиадасына «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының 3 – курс студенттері К.Алиева, М.Төлен және 4 – курс студенті Б.Бимұрат қатысты.  

Солтүстік-Шығыс өңірінде орналасқан Шәкәрім университетінде 25 – 26 сәуір күндері өткен пән олимпиадасында университет намысын қорғаған студенттерге «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Т.Р.Абдықадырова жетекшілік етті.

Прочитано 961 раз
Top