Ежелгі шаһар өркениетіне саяхат

«Тарих және география» кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығымен бірлесіп студенттерге «Бабадан қалған қолтаңба» тақырыбында дәріс оқылды. Дәріс барысында студенттер музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштер мен кесенелерге қатысты аңыз-әңгімелермен және еліміздің біртуар археологтарымен танысты.

Сондай-ақ, студенттер назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Атап айтсақ, әр кезеңге жататын мәдени қабаттан табылған қыш бұйымдары мен металдан жасалған бұйымдардың мерзімін, жасалу техникасы мен пайдалану мақсатын түсіндірілді.

Жылжымалы көрменің жасақталуы мен дәріс оқудың басты мақсаты – ғасырдан-ғасырға жеткен құнды жәдігерлерді жас ұрпаққа насихаттап, дәріптеу.

WhatsApp Image 2023 02 26 at 11.20.04

Кафедра аға оқытушысы,

Адиша Абилова.

Прочитано 1090 раз
Top