Нұрлан Байжігітұлы жастармен кездесті

Кейде күнделікті күйбең тіршіліктен, қоғамдағы қым-қиғаш оқиғадан бір сәт қол үзгің келеді. Жанның тыныштығын қалайсың. Тәннің азығын іздеп, рухани баюды көздейсің. Осындайда жақсы адаммен өткізген жарты сағат, жаманмен өткізген мың күнге татымас деп, сұхбаттасатын өресі биік тұлғаларды сағынасың.

Жастар арасында әлеуметтік желі арқылы кеңінен танылған теолог, дінтанушы, ұстаз Нұрлан Байжігітұлы бүгін Дулати универсиетінде Жамбылдық жастармен кездесті.

Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы мен жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен болған жиын келушілерге рухани тыныштықты, өмірлік жігерді сыйлады. Қатысушылар санының көптігі жандауасын іздеп, жеке дамушылардың қатары қалың екенін көрсетті.

Қоғамдық проблемаға айналған тұлғалық дағдарыс пен күйзелісті болдырмау, деструктивті теріс діни ағымдардың алдын алу, жас жұбайлардың отбасылық өмірге бейімделуі сынды тақырыптар аясында әңгіме өрбіген сұхбат еркін форматта өтті.

Жиын соңында Нұрлан Байжігітұлы жастардың әлеуметтік мәселеге айналған өзекті сұрақтарына жауап береді.

WhatsApp Image 2023 02 22 at 10.17.00

WhatsApp Image 2023 02 22 at 10.17.20

Прочитано 1210 раз
Top