ЖУАЛЫ ШӘКІРТТЕРІМЕН «МАМАНДЫҒЫМ - МАҚТАНЫШЫМ» АТТЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру мақсатында Жамбыл облысы,  Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылындағы №1 мектеп – гимназиясының оқушыларымен университеттің профессор – оқытушылар құрамы кездесті.

Мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысаны саналатын кәсіптік ақпаратты бөлісуге «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор Т.Р.Абдықадырова, Халықаралық ынтымақтастық орталығының басшысы Г.Б.Исабекова және «Тарих және география» кафедрасының доценті, т.ғ.к А.Т.Серубаева ұйытқы болды.

Мамандықты саналы таңдауда адам қабілеттілігінің қалыптасуы үлкен мәнге ие екендігін алдыға тартқан университет оқытушылары 10 – 11 сынып оқушыларымен еркін форматта пікір алмасса, 8 –  9 сынып буынымен дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Әлемдік өркениеттің құрамдас бөлігі болып, дамудың даңғыл жолына түскен біздің елімізде бұл «Ұстаз» көшіне баулу тарихи үдеріс екендігі ақиқат. Бұл ретте университет имиджі туралы кеңінен сөз қозғаған Тұрсынай Рыстайқызы: «Қазақ топырағында дүниеге келіп ғұмыр кешкен, әлемнің екінші ұстазына айналған әйгілі Әбу-Насыр Әл-Фараби бабамыз «Ұстаз дегеніміз жұрттың барлығына жақсылық пен ізгілік көрсетіп қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деп ұстаздардың бойындағы ізгілік қасиетін ерекше атап көрсеткен. Ал, ұлы ойшыл ақынымыз һәкім Абай Құнанбайұлы «Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады» - деп адам бойындағы ең асыл қасиеттің бірі «адамгершілік» қасиеттің қалыптасуына ұстаздың тигізетін ықпалы зор екендігін айтқан. Сондықтан біздің университетімізде түрлі мамандықтар бойынша білім алып жатқан студент жастардың барша мамандық атаулының анасына айналған ең асыл да қасиетті «ұстаз» мамандығын меңгеріп жатқандығы көңіл қуантады» - деп ой қозғады.

Г.Б.Исабекова университеттің халықаралық байланыстарын дамыту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және ұйымдастыру бойынша тыңғылықы ақпарат берсе, А.Т.Серубаева тиімді кәсіби жұмысқа және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті маман болудың алғышарты туралы кеңінен тоқталды.

Кездесудің шарықтау шегінде оқушылар университеттегі мамандықтар туралы таңдана сұрасып, соңында ғасырлар бойы халқымыздың дүниетанымында ұрпақ тәрбиесіне ізгілік дәнін сепкен «Ұстаз» мамандығына деген сүйіспеншіліктерін жарыса білдірді.

2

3

4

5

6

Прочитано 1022 раз
Top