Дүниежүзілік қысқы универсиаданың жүлдегері білім грантына ие болды

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов АҚШ-та өткен ХХХІ Дүниежүзілік Қысқы универсиада ойындарының күміс жүлдегері аталған ЖОО-ның 3-курс студенті Малика Ермекке университеттің білім грантын тапсырды.

Дуы басым додада қазақстандық спортшылар аралас эстафетада француздарға ғана жол беріп, 2:47.757 уақыт көрсеткішімен күміс жүлдеге қол жеткізгені белгілі. Команда құрамында Маликамен бірге Яна Хан, Алина Әжіғалиева, Әлішер Абылкатимов, Әділ Ғалиахметов пен Еркебұлан Шамұханов болды.

Маликаның ендігі арманы – Қысқы Олимпиаданың медалін жеңіп алу. Сол үшін тынбай жаттығып, тер төгіп еңбек етемін дейді спортшы. «Алғаш аяғыма коньки кигенде кішкентай едім. Таңдау өзімдікі деп айта алмаймын, әкем осы спортпен айналысқанымды қалап, мұз айдынына ілестіріп әкелді. Кейін қызығушылығым күшейе бастады, сол үшін әкеме алғыс айтып жүрмін», - дейді Малика Ермек.

2

2

2

Прочитано 886 раз
Top