Халықаралық байланыс студентке мүмкіндік береді

Ақпан айынан бастап Дулати университетінің 12 студенті Түркия, Польша, Португалия, Болгария, Италия, Испания елдерінен білім алады. Шетелге білім алуға баратын студенттермен Зерттеу және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Данияр Ысқақұлы кездесті.

– Студенттеріміз тек қана университеттің ғана емес – ел үмітін арқалауда. Үміт пен сенімді ақтау жастардың, осы буынның парызы. Сол себептен де тек қана білімге бет бұрып, текті ұлттың ұрпағы екендеріңді ұмытпаңдар. Қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты жандар өздерің. Жастар қай заманда, қай елде болмасын, асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған. Ғылым, білім жолында тың ақпараттарға қанық болып келетіндеріңе сенемін, деп ыстық ықыласын білдірді Данияр Нұрмұханбет.

WhatsApp Image 2023 01 31 at 20.57.47

Қазір ЖОО-да студенттердің білікті, тәжірбиелі болып қалыптасуы үшін бірнеше мемлекеттік жобалар іске асырылуда. Бұл – жастардың ғылыммен айналысуына, жұмыс табуына, ел ертеңіне зор мүмкіндік. Дулати университетінің студенттеріне әр семестр сайын халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасымен шет елдерде білім алуына мүмкіндік қарастырылған. Ол үшін семестрдегі балдық жүйесі, яғни GPA көрсеткіші жоғары болуы және ағылшын тілін білуі талап етіледі.

Білімге, ғылымға ұмтылған әрбір жас шетелдік университеттерден тағылым алып, білім жүйесімен хабардар болғаны жөн. Бұл тұрғыда бірнеше мемлекетпен байланыс орнатқан білім ордасы студент үшін зор мүмкіндік береді.

Прочитано 878 раз
Top