Ғылым жолындағы нық қадам

Ғылым мен білім – ел дамуының, өркендеуінің өзегі екенін әлем әлдеқашан мойындаған аксиома. Ғылым-қоғам дамуындағы үлкен қозғаушы күш екені белгілі. Ел ғылымын дамытудағы ғалымдардың ғылыми жетістіктері ізденістің жемісі деуге болады.

Студенттерге жақсы білім беру үшін оқытушы тұрақты түрде дамып отыруы қажет. Шыңдалған сайын заман талабына сай білікті маман қалыптасалы. Дулати университетінің ұстаздары бір ғана дәрежемен тоқтап қалмайды. Сауаттылыққа ұмтылады, ғылым жолына қадам басады. Ал докторантура биік талап қоюды, жаңа қадам басуды ғылымға бет бұруды қалыптастырады.

Жыл соңын жағымды жаңалықпен аяқтаған Ұстаз институты «Математика білім беру бағдарламасы» кафедрасының аға оқытушысы Сүлеймбекова Айнаш Оспановна PhD докторлық диссертациясын сәтті қорғады. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «Білім берудегі математика» кафедрасында «Тақ ретті дифференциалдық операторлардың резольвентасының бар болуы, компактілігі және сингулярлық сандарының бар болуы» тақырыбындағы ғылыми жұмысы жоғары бағаланды. Әріптесімізді жетістігімен құттықтаймыз!

Сулеймбекова Айнаш Оспанова оқытушы

Ғылыми жетекшілері:

Мұратбеков Мұсақан Байпақбайұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Дулати университеті;

Оспанов Қордан Наурызханұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;

Керімбеков Ақылбек Керімбекұлы – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Б.Н. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей славян университеті, Бішкек.

«Ұстаз» институты ұжымы.

Прочитано 1378 раз
Top