Химия ғылымының өзекті мәселелері талқыланды

Дулати университеті "Химия және химиялық технология" кафедрасы "Химик" студенттік ғылыми үйірмесі (СҒҮ) олбыстық деңгейде «Жаһандану жағдайында химия ғылымының, өндірісінің және білімінің даму тенденциялары» тақырыбында кезекті отырысын өткізді. Білім алушылардың химия саласын зерттеудегі қызығушылығын дамыту мақсатында қолға алынған конференция өз деңгейінде өтті. Жиын барысында білім алушылар көпшілікке ғылыми және креативті идеяларын ұсынды.

Конференцияда 9 баяндама тыңдалды. Оның ішінде Жамбыл жоғары медициналық колледжінің, № 25 орта мектебінің, Жаңатас көпсалалы колледжінің, Жамбыл педагогикалық колледжінің, Құлан агротехникалық жоғарғы коледжінің және Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің білім алушылары қатысты.

Қазылар алқасының мүшелері «Химия және химиялық технология» кафедрасының оқытушылары тағайындалған: қауымдастырылған профессор м.а., т.ғ.к. Сейтбекова Гульназия Аташбековна; қауымдастырылған профессор м.а., PhD докторы Нурлыбаева Айша Нурлыбаевна; химия магистрі, аға оқытушы Мурзакасымова Назгуль Саттаркуловна.

СҒҮ-дің ашық отырысының қорытындысы бойынша үздік баяндамалары үшін Жамбыл педагогикалық колледжінің студенті Наурызбай Тоғжан Тлеубайқызы І – орын иеленді. ІІ – орын Құлан агротехникалық жоғарғы коледжінің студенті Өтеген Асылжан және Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің студенті Юрко Кирил Сергеевич бұйырды. ІІ – орынды Жаңатас көпсалалы колледжі Боранбаева Арайлым Ахатқызы, № 25 орта мектебінің оқушысы Көпжүрсін Бейбарыс Әділбекұлы және Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенті Алмаханбет Жанел Жандосқызы місе тұтты.

Барлық қатысушыларға салтанатты түрде сертификаттар, жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар, ғылыми жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етілді.

"Химик" студенттік ғылыми үйірмесінің ашық отырысы жоспар бойынша оқу жылының әр семестрінде өткізіледі. Келесі ашық отырысы келесі оқу жылының көктемгі семестрінде болады.

WhatsApp Image 2022 12 26 at 15.01.25 1

                                                               "Химия және химиялық технология" кафедрасының

аға оқытушысы, техника және технология магистрі

Шинибекова Асем Абдула-хаимовна.

Прочитано 1076 раз
Top