АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

Құрметті білім алушылар!

2021-2022 оқу жылының көктемгі семестріне шетелдік және қазақстандық серіктес университеттерде академиялық ұтқырлық бағдарламасымен білім алу аясында құжаттарды қабылданып жатқандығын хабарлаймыз!Қажетті құжаттарды  2021 жылғы 30 қазанына дейін Тараз қаласы, Ы.Сүлейменов  көшесі, 7 (301 кабинет) мекен-жайдағы Халықаралық ынтымақтастық орталығына тапсыру қажет.Барлық сұрақтар бойынша 87479570530 телефонға хабарласыңыз:

Бағдарламаға қатыса алады!

* Сыртқы академиялық ұтқырлыққа:

- докторанттар 2-4 семестрде;

- магистранттар 2-3 семестрде;

- студенттер 3-6 семестрде ;

* Ішкі академиялық ұтқырлыққа:

- докторанттар 2-4 семестрде;

- магистранттар 2-3 семестрде;

- студенттер 3-6 семестрде ;

- студенттер отбасылық және денсаулығына байланысты екінші және жетінші семестрге өтініш бере алады; 

- ағылшын тілін меңгерген студенттер (алыс шетелдік елдерде білім алуға ниет білдірген  үміткерлер үшін қажет); 

- құжаттарды тапсыру сәтінде академиялық және қаржылық қарыздары жоқ студенттер;

- оқу үлгерімі (GPA)  3,3-тен төмен емес студенттер;

- университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысатындар студенттер.

Бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. Өтініш (ХЫО-да толтырылады);
  2. үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) транскрипт ;
  3. Институт директоры / факультет деканы атынан ұсыныс хат;
  4. Ағылшын  тілін меңгергендігін растайтын құжат (алыс шетелдік елдерде білім алуға ниет білдірген  үміткерлер үшін қажет);
  5. Дипломдар мен сертификаттар (көшірмелері);
  6. Халықаралық төлқұжат пен жеке куәлік көшірмесі.
  7. Келесі санаттарға жату фактісін растайтын құжаттар (өтініш берушілер үшін):

- жетім балалар мен ата -анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - балаға ата -анасының жоқтығын растайтын құжат;

- бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балалар;

- көп балалы отбасының балалары - бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі немесе бала асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі.

Прочитано 1517 раз
Top