ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТТЕР!

2020-2021 оқу жылындағы  жоғары білім алу үдерісі барысында босаған бос білім беру гранттарын тағайындау үшін байқау жарияланады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» 2008 жылдың 23 қаңтарындағы №58 (13.06.2018ж. №345 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Қаулысының 2-1 тармақшасына сәйкес жоғары білім алу үдерісі барысында босаған білім беру гранттары мамандықтар бойынша ақылы негізде білім алушылар арасында байқау өткізу арқылы тағайындалады.

Жоғары білім алу үдерісі барысында босаған білім беру гранттарын тағайындау демалыс кезінде байқау негізінде іске асырылады.

Байқау аралық аттестаттау нәтижесі бойынша жүргізіледі және білім беру грантын тағайындау туралы куәлік беріледі.

Босаған білім беру грантын алуға байқау жүргізу кезінде үлгерімнің орташа балының көрсеткіші бірдей болған жағдайда оқудың барлық мерзімі бойынша  тек А,А- («өте жақсы»), одан соң А, А- («өте жақсы») бастап В+, В, В- («жақсы»), ары қарай аралас бағалары бар үміткерге  беріледі.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • Ақылы негізде оқитын студенттің білім беру гранты бойынша оқуы туралы ЖОО ректоры атына жазылған өтініші. (Өтініш үлгісі)
  • Білімгердің транскрипті.
  • Білімгердің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі
  • Әлеуметтік мәртебесі туралы анықтама (қажет болған жағдайда).

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің

бос мемлекеттік гранттар саны  (15.01.2021ж.)

Шифры

Мамандығы/Білім беру бағдарламасы

Курсы

Саны

1

6В01421

Білім саласындағы дене мәдениеттік-спорттық қызмет

1

1

2

6В01504

Химия мұғалімдерін даярлау

1

1

3

6В01703

Шетел тілдері мұғалімдерін даярлау

1

1

4

6В08111

Агроөндірістік кешенде өсімдіктерді қорғау және диагностикалау

1

4

5

6В05214

География және табиғатты үйлестіру

1

1

6

6В07311

Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау

1

2

7

6В07320

Бетон және керамикалық материалдар өндірісі

1

1

8

6В07211

Инновациялық текстиль

1

1

9

  6В07215

Азық-түлік өнімдерінің технологиясы

1

2

10

6В07116

Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы

1

1

11

6В05314

Химия

1

5

12

6В05113

Тағам биотехнологиясы

1

1

13

6В07114

Өнеркәсіптік орындар мен азаматтық объектілерді электрмен жабдықтау

1

1

14

6В05411

Математика және статистика

1

1

15

6В11116

Мәдени тынығу қызметі:бұқаралық қойылымдарды ұйымдастыру және вокалдық орындаушылық

2

1

16

6В01519

Физика және информатика мұғалімдерін даярлау

2

1

17

6В01421

Білім саласындағы дене мәдениеттік-спорттық қызмет

2

2

18

6В05314

Химия

2

1

19

6В08112

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

2

1

20

6В07221

Пайдалы кен орындарын ашық әдіспен игеру

2

1

21

6В07117

Машина жасау бұйымдарын құрамдау өндіру

2

1

22

6В08111

Агроөндірістік кешенде өсімдіктерді қорғау және диагностикалау

2

2

23

5В010800

Денешынықтыру және спорт

3

1

24

5В090600

Мәдени тынығу жұмысы

3

1

25

5В071300

Көлік,көлік техникасы ж/е технологиялары

3

1

26

5В070800

Электроэнегетикасы

3

1

27

5В070700

Тау-кен ісі

3

2

28

5В060100

Математика

3

1

29

5В072800

Өңдеу өндірістерінің технологиясы

3

1

30

5В080600

Аграрлық техника және технологиялары

3

1

31

5В090200

Туризм

3

1

32

5В080500

Су ресурстары және суды қолдану

4

1

33

5В020500

Филология

4

1

34

5В010800

Денешынықтыру және спорт

4

1

Барлығы

46

Назар аударыңыздар! Грант иегерлерінің (оның ішінде бос гранттар) назарларына!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» 2012ж. 30 наурыздағы №390 Қаулысына сәйкес:

3.Педагогтік, медициналық және ветеринариялық мамандықтар бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын (бұдан әрі – ЖОО) бітіргеннен кейін кемінде үш жыл ауылда, кентте, ауылдық округте (бұдан әрі – ауылдық жер) орналасқан тиісті мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, қызметін ветеринария саласында жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде не мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда жұмысты өтейді.

3-1. Педагогтік, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квота шегінде оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтар ЖОО-ны бітіргеннен кейін оқыған жері бойынша өңірде кемінде үш жыл жұмысты өтейді.";

4.Педагогтік және медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары ЖОО-ны бітіргеннен кейін мемлекеттік білім беру ұйымдары мен мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында кемінде үш жыл жұмысты өтейді.

4.1. Басқа мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтары ЖОО-ны бітіргеннен кейін кемінде үш жыл меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жұмысты өтейді.

Прочитано 2642 раз
Top