Достижения студентов

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері арасында Республика күніне орай волейболдан факультеттер арасында өткен жарыста 1 орын алған студенттеріміз 

 

  • ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті мен Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында құқық қорғау өкілдерінің жастармен кездесуі өтті.
  • Шараға облыстық құқық қорғау органдарының өкілдері, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің оқытушылары мен студенттері және бірқатар белсенді жастар қатысты.
  • Кездесу барысында Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б.Жанаев, Тараз қаласының прокуроры Н.Боранбаев және М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры А.Тұрлыбек баяндама жасап, «Заң және тәртіп» қағидаты аясында атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – жарқын болашақтың кепілі» деген тақырып қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңыздылығын көрсетеді. Бұл құбылыс кез келген мемлекеттің дамуына кері әсер етіп, экономикалық өсімді тежейді, халықтың билікке деген сенімін төмендетеді және әлеуметтік әділетсіздікке әкеледі.

Фемида ұйымы мен Экономика және Құқық факультетінің ұйымдастыруымен «сыбайлас жемқорлыққа қарсы» іс-шара өткіздік.

Жастардың адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды бойына сіңіруі – болашақтың жарқын болуының кепілі. Сондықтан әрбір азамат заңға құрметпен қарап, әділ қоғам құруға өз үлесін қосуы қажет. Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет – бұл дамыған экономика, тұрақты қоғам және бақытты ұрпақтың кепілі.

Жамбыл облысы Полиция департаментінде ашық есік күні өтті

2024 жылдың 20 қарашасында Жамбыл облысы Полиция департаментінде ашық есік күні ұйымдастырылды. Аталмыш шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті «Экономика және құқық» факультетінің «Қылмыстық құқық және процесс» білім беру бағдарламасымен оқитын 3-4 курс студенттері және оқытушылары қатысты. Қонақтар ішкі істер органдарының мұражайы мен Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына экскурсия жасады.

 Іс-шара студенттерге ішкі істер органдарының қызметімен танысуға мүмкіндік беріп, олардың кәсіби бағыттарын анықтауда үлкен үлес қосты.

 

 

Top