Rectorate

Мусабеков Максат Несипжанович

Member of the Board – Vice-Rector for Academic Affairs

Contact phone number: 8 (7262) 45-36-51

Address: Taraz, Tole bi street, 60 bldg 2.1, cab № 201



 

loading...
Кәсіби өмірбаяны/Білім
Жетістіктері

Мұсабеков Мақсат Несіпжанұлы 1981 жылғы 12 тамызда Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

Білімі мен ғылыми дәрежесі

* 1999–2004 жж. – Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Бакалавриат: Филолог-зерттеуші, араб-түрік тілдері мен әдебиетінің оқытушысы).

* 2005–2007 жж. – Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ (Магистратура: Аймақтану магистрі).

* 2009–2012 жж. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (PhD докторантура).

* Ғылыми дәрежесі: Философия докторы (PhD).

* Тілдерді меңгеруі: Қазақ тілі (ана тілі), түрік тілі, ағылшын тілі.

Еңбек жолы

* 2004–2008 жж. – Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, «Аймақтану» кафедрасының оқытушысы;

* 2009–2012 жж. – Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, «Дүниежүзілік мәдениеттер мен өркениеттер» кафедрасының аға оқытушысы;

* 2012–2014 жж. – Абай атындағы ҚазҰПУ, «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы;

* 2014–2018 жж. – Сүлеймен Демирел атындағы университетінің (SDU) Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім департаментінің директоры;

* 2018–2019 жж. – Астана халықаралық университетінің (AIU) Оқу-әдістемелік орталығының директоры;

* 2019–2020 жж. – Астана халықаралық университетінің (AIU) Тәрбие департаментінің директоры;

* 2020–2025 жж. – Maqsut Narikbayev University (KAZGUU) Студенттер ісі жөніндегі вице-провосты (проректоры);

* 2025–2026 жж. – Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті (ҚазҰСШИУ):

* 2025 жылғы маусым – қыркүйек: Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры (соның ішінде м.а.);

* 2025 жылғы қыркүйек – 2026 жылғы маусым: Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры (соның ішінде м.а.);

* 2026 жылғы маусым – тамыз: Индустриялық серіктестік, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры.

Марапаттары мен алғыс хаттары

* 2022, 2023 жж. – ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбектің Алғыс хаты;

* 2017, 2020 жж. – ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты;

* 2020 ж. – ҚР Білім және ғылым вице-министрі М. Дәуленовтің Алғыс хаты;

* 2020 ж. – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгіновтің Алғыс хаты;

* 2021 ж. – Нұр-Сұлтан қалалық мәслихат депутаты Б. Жанділдаевтың Алғыс хаты;

* 2021 ж. – ҚР БҒМ Болон үдерісі және академиялық мобильділік орталығының директоры Е. Садықовтың Алғыс хаты;

* 2021 ж. – М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Басқарма төрағасы Т. Нәрікбаевтың Құрмет грамотасы.