Мұсабеков Мақсат Несіпжанұлы 1981 жылғы 12 тамызда Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
Білімі мен ғылыми дәрежесі
* 1999–2004 жж. – Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Бакалавриат: Филолог-зерттеуші, араб-түрік тілдері мен әдебиетінің оқытушысы).
* 2005–2007 жж. – Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ (Магистратура: Аймақтану магистрі).
* 2009–2012 жж. – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (PhD докторантура).
* Ғылыми дәрежесі: Философия докторы (PhD).
* Тілдерді меңгеруі: Қазақ тілі (ана тілі), түрік тілі, ағылшын тілі.
Еңбек жолы
* 2004–2008 жж. – Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, «Аймақтану» кафедрасының оқытушысы;
* 2009–2012 жж. – Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, «Дүниежүзілік мәдениеттер мен өркениеттер» кафедрасының аға оқытушысы;
* 2012–2014 жж. – Абай атындағы ҚазҰПУ, «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы;
* 2014–2018 жж. – Сүлеймен Демирел атындағы университетінің (SDU) Жоғары және жоғары оқудан кейінгі білім департаментінің директоры;
* 2018–2019 жж. – Астана халықаралық университетінің (AIU) Оқу-әдістемелік орталығының директоры;
* 2019–2020 жж. – Астана халықаралық университетінің (AIU) Тәрбие департаментінің директоры;
* 2020–2025 жж. – Maqsut Narikbayev University (KAZGUU) Студенттер ісі жөніндегі вице-провосты (проректоры);
* 2025–2026 жж. – Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті (ҚазҰСШИУ):
* 2025 жылғы маусым – қыркүйек: Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры (соның ішінде м.а.);
* 2025 жылғы қыркүйек – 2026 жылғы маусым: Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры (соның ішінде м.а.);
* 2026 жылғы маусым – тамыз: Индустриялық серіктестік, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры.


