Қазақстанның қазіргі жоғары мектебі біртұтас, ашық және серпінді зерттеу кеңістігін құруға ұмтылуда. Бұл мақсатқа жетудің маңызды шарты – университеттер арасындағы академиялық және ғылыми диалогты іске асыру болып табылады. Кәсіби өзара іс-қимыл мен зерттеу дәстүрлерін өзара байытудың жарқын үлгісі ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті арасындағы ғылыми диалогты атауға болады. Бұл ғылыми байланыс ғылымды дамытудың негізгі саласы – жоғары білікті кадрларды сараптаудан өткізу бағытын қамтиды.
Дулати университетінің оқытушылары – ф.ғ.к., доцент Г.К. Әбдірахман мен PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Е.С. Шмакова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Диссертациялық кеңістің жұмысына ресми рецензенттер және кеңестің уақытша мүшелері ретінде белсенді қатысып келеді. Дулати университетінің өкілдері еліміздің жетекші ұлттық жоғары оқу орнында докторлық диссертацияларды (PhD) қорғаудың жоғары мәдениетін үнемі атап өтеді. Мұндағы әрбір қорғау академиялық адалдық, сындарлы пікірталас пен қатаң объективтілік атмосферасы орнаған елеулі ғылыми оқиғаға айналады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы қорғаулардың жоғары ғылыми және академиялық деңгейі – жүйелі жұмыстың нәтижесі. Отырысқа қатысушылар мен шақырылған сарапшылар ұйымдастырудың мінсіз деңгейі мен академиялық стандарттардың қатаң сақталуы Диссертациялық кеңестің төрағасы – филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Б.У. Жолдасбекова мен оның кәсіби командасы – С.Б. Бегалиева, Ж.А. Баянбаева, Г.Р. Даутованың арқасында мүмкін болғанын бір ауыздан ерекше атап өтуде. Нақты регламент, сараптамалық талдаудың тереңдігі, ең күрделі ғылыми пікірталастарды модерациялау және ашық, сонымен бірге талапшыл орта қалыптастыра білу дағдысы – осының барлығы отандық жоғары мектеп үшін жоғары стандартты айқындайды.
ҚазҰУ-дағы Диссертациялық кеңістің отырыстарының бірегей ерекшеліктерінің бірі – оның кең қоғамдық және халықаралық резонанс тудыруында. Қорғау жұмыстарына дәстүрлі түрде Қазақстанның әртүрлі аймақтары мен ғылыми-зерттеу институттарының жетекші ғалымдары; диссертациялардың әлемдік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ететін шетелдік сарапшылар мен профессорлар; сондай-ақ қатысуымен қорғау шараларына ерекше мәртебе беретін қазақстандық жазушылар мен мәдениет қайраткерлері қатысады.
Әл-Фараби және Дулати университеттері арасындағы ынтымақтастық Қазақстандағы қазіргі ғылымның ішкі шекарасы жоқ екенін дәлелдейді. Серіктестікті дамыту өңірлік жоғары оқу орындарын ұлттық университеттердің озық тәжірибесімен байытады және сонымен бірге еліміздің академиялық кеңістігіне жаңа, бірегей зерттеу бағыттарын енгізе отырып, қазақстандық жас ғалымдардың жаңа буынын өсіруге ықпал етеді.

