Факультет жаңалықтары (Филология)

Қазақстанның қазіргі жоғары мектебі біртұтас, ашық және серпінді зерттеу кеңістігін құруға ұмтылуда. Бұл мақсатқа жетудің маңызды шарты – университеттер арасындағы академиялық және ғылыми диалогты іске асыру болып табылады. Кәсіби өзара іс-қимыл мен зерттеу дәстүрлерін өзара байытудың жарқын үлгісі ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті арасындағы ғылыми диалогты атауға болады. Бұл ғылыми байланыс ғылымды дамытудың негізгі саласы – жоғары білікті кадрларды сараптаудан өткізу бағытын қамтиды.

Білім берудегі тарих және география кафедрасының оқытушысы Абиева Ұлбала Бейбітқызы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетіне 8D02203-“Тарих”білім беру бағдарламасы бойынша докторантурасына оқуға түсті.

Абиева Ұлбала Бейбітқызы осы маңызды жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз.Ғылым жолындағы ізденістеріне сәттілік,тың бастамалар мен биік белестер тілейміз.Ғылым мен білім саласындағы ізденістеріне мол табыс тілейміз.

         

Білім берудегі тарих және география кафедрасының аға оқытушысы Сентаева Рита Темірбекқызы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетіне 8D02203-“Тарих”білім беру бағдарламасы бойынша докторантурасына оқуға түсті.

Сентаева Рита Темірбекқызын осы маңызды жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз.Ғылым жолындағы ізденістеріне сәттілік,тың бастамалар мен биік белестер тілейміз.Ғылым мен білім саласындағы ізденістеріне мол табыс тілейміз.

 

2026 жылы 16-19 маусым аралығында
Астана қаласындағы Nazarbayev University базасында
Орталық Еуразияны зерттеуге арналған беделді халыкаралық ғылыми алаңдардың, бірі - CESS Regional
Conference 2026 конференциясы өтті.Биылғы конференцияның негізгі тақырыбы - «(Re)thinking
Central Eurasia: Spaces, Societies, and Power»
Конференция жұмысына  әлемнің әртүрлі елдерінен келген, зерттеушілер, докторанттар мен жас ғалымдар қатысып, Орталық Еуразия кеңістігіндегі саяси, әлеуметтік, мәдени және тарихи үдерістегі пленарлық отырыстар, тақырыптық
секциялар, панельдік пікірталастар жане зерттеу нәтижелерін таныстыруға арналған арнайы алаңдар ұйымдастырылған.
М.Х Дулати атындағы Тараз университеті,  “Шетел филологиясы және аударма ісі” кафедрасының аға оқытушысы А.М. Есенбаева халықаралық конференцияға белсенді қатысып, өз зерттеуін халыкаралық ғылыми қауымдастық назарына ұсынды.

Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін М. Х. Дулати атындағы Тараз университеті, Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті, Практикалық шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Рахимова Юлия Сергеевна ««Unitandem» жүйесін енгізу арқылы студенттер арасында мәдениетаралық және коммуникативтік құзыреттілікті  қалыптастыру» тақырыбындағы докторлық дессертациясын сәтті қорғады.

Бұл - үлкен еңбек пен табандылықтың, ғылыми ізденіс пен кәсіби біліктіліктің нәтижесі. Жоғары деңгейдегі зерттеу жұмысыңыз бен ғылымға қосқан үлесіңіз университет ұжымы тарапынан жоғары бағаланады. Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, ғылыми ізденістерде жаңа жетістіктер және биік белестер тілейміз! Ғылым жолындағы жарқын жетістігіңіз құтты болсын!

«Практикалық шетел тілдері» кафедраның ПОҚ

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті

17-18 апреля 2026 года в городе Астана в Евразийском национальном университете имени Л.Н.Гумилева прошла XVIII Республиканская предметная олимпиада по русскому языку и литературе, в которой приняли участие 45 участников – студенты из 15 вузов.

Ғылымның жыл сайынғы онкүндігі аясында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында 8D01702 ОП "Психология көркемдік әдіс ретінде" тақырыбында жоспарлы оқу сабағы өтті – орыс тілі мен әдебиеті бойынша педагогтарды даярлау. Спикер философия докторы (PhD) Шмакова Елена Сергеевна болды.

2026 жылғы 17 наурызда 8D01702 – "Орыс тілі мен әдебиеті педагогтарын даярлау" білім беру бағдарламасының докторанты Нүсібақын Жұлдыз" Концептосфера және концептосфера түрлері" тақырыбында "Лингвоконцептология" пәні бойынша сабаққа қатысты, онда Лихачев Д. С.енгізген мәдениеттің семантикалық бірліктерінің жиынтығы ретінде концептосфера туралы түсінік қалыптастырылды.