Жаңалықтар

УНИВЕРСИТЕТТЕ ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСТАМАЛАРЫ ҚОЛҒА АЛЫНДЫ

Университет қабырғасында Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева 
шетелдік мамандармен ресми кездесу өткізді. Кездесуге Польшадан келген ғалым, профессор Магдалена Мария Матусяк-Франчак және халықаралық Senior Expert Service (SES) бағдарламасының сарапшысы Урсула Георги қатысты.

Польша ғалымы университетке халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту және тәжірибе алмасу мақсатында шақырылған. Ғалым өз сапары барысында дәрістер оқып, ғылыми кездесулер өткізіп, академиялық байланыстарды кеңейтуге және білім беру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыруда.

Сонымен қатар, университетте халықаралық Senior Expert Service (SES) бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама аясында сарапшы Урсула Георги өз қызметін бастап, оқу үдерісін жетілдіру, оқытудың заманауи әдістерін енгізу және профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттердің кәсіби құзыреттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуде.

Кездесу барысында тараптар университеттің халықаралық ынтымақтастығын одан әрі дамыту, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыру, шетелдік тәжірибені оқу үдерісіне енгізу мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында ректор мамандарға алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, олардың еңбегіне табыс пен жаңа жетістіктер тіледі. Сонымен қатар, халықаралық әріптестіктің университет дамуына серпін беретінін атап өтіп, бірлескен жобалардың табысты жүзеге асуына сенім білдірді.