Жаңалықтар

УНИВЕРСИТЕТ ҰСТАЗЫНА ҒЫЛЫМИ АТАҚ БЕРІЛДІ!

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы Айман Ақынбекова докторлық диссертациясын сәтті қорғады.

Ғылыми жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде 8D06103 – «Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы аясында қорғалды.

Диссертация «Әлеуметтік процестерде шешім қабылдаудың бұлдыр модельдерін жүзеге асыру» тақырыбына арналған. Зерттеу жұмысы әлеуметтік процестер жағдайында шешім қабылдауға арналған бұлдыр модельдерді әзірлеу және оларды ақпараттық жүйелерде жүзеге асыру мәселелерін қамтиды.

Диссертацияны сәтті қорғау нәтижесінде Айман Ақынбековаға философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Университет ұжымы Айман Тұрғанғазиевнаны ғылыми дәрежеге ие болуымен құттықтап, алдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейді!