Жаңалықтар

Университет пен «SHENGTAI BIOTECH CO. LTD» ЖШС арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің өкілдері университет пен «Shengtai Biotech Co. Ltd» ЖШС арасындағы ынтымақтастық туралы шартты іске асыру мақсатында кәсіпорынға іссапармен барды.

Университет делегациясының құрамында «Химиялық инженерия және тұрақты даму» жоғары мектебі деканының ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Асель Куртебаева, «Тамақ өндірісі және биотехнология» кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор м.а.  Бекзада Солтыбаева , техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а.  Абилхан Садибаев және «Тамақ инженериясы» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Лилия Алашбаева болды.

Кездесу барысында тараптар университет пен кәсіпорын арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды мәселелерді қарастырды:

Ынтымақтастық туралы шартты іске асыру жөніндегі Жол картасын әзірлеу;

Білім алушылардың кәсіптік және өндірістік практикасын ұйымдастыру;

Оқытушылардың біліктілігін арттыру және өндірістік тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету;

Шикізат пен дайын өнім сапасын бақылауға арналған оқу-ғылыми зертхана құру;

Бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және тәжірибелік жобаларды іске асыру.

Кездесу нәтижесінде кәсіпорын өкілдері университеттің үшінші және бітіруші курс білім алушыларын кәсіптік практикадан өткізуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл студенттердің өндірістік ортада тәжірибе жинақтауына, технологиялық үдерістермен танысуына және кәсіби құзыреттерін жетілдіруіне мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жаңадан енгізілген білім беру бағдарламалары бойынша кәсіпорын талаптарына сай білікті мамандар даярлау мәселесіне ерекше назар аударылды. Осы бағытта оқытушылардың жүгеріні инновациялық әдістермен терең өңдеу, одан дайын өнімдер мен құнды компоненттерді бөліп алу технологияларымен танысуына және кәсіпорын базасында біліктілікті арттыру курсынан өтуіне мүмкіндік бар екені айтылды.

Тараптар шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылауға арналған оқу-ғылыми зертхана құру, заманауи зерттеу әдістерін оқу үдерісіне енгізу және ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін де талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша қарастырылған бағыттарды нақты іс-шаралар арқылы жүзеге асыруға, Жол картасын әзірлеуге және білім, ғылым мен өндіріс арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытуға уағдаласты.