Жаңалықтар

СТУДЕНТТІК КОНФЕРЕНЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Университет қабырғасында «Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар: студенттік көзқарас» тақырыбында өткен XXVIII студенттік жаратылыстану-ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын аяқтады.

7–15 сәуір аралығында өткен ауқымды конференция техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, педагогикалық және экономикалық бағыттарды қамтыды. Конференцияның пленарлық отырысында 8 баяндама тыңдалып, 19 секция бойынша 423 студенттің ғылыми жұмыстары талқыланды.

Қатысушылар жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беру, инженерия, ақпараттық технологиялар, биотехнология, туризм және басқа да салаларда қолдану бағытындағы зерттеу нәтижелерін ұсынды.

Жабылу салтанатында үздік деп танылған ғылыми баяндамалар I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, жоғары бағаланған бірқатар ғылыми жұмыстар университеттің ғылыми еңбектер жинағына енгізілетін болады.

Ұйымдастырушылар конференция барысында ұсынылған жобалар студенттердің ғылыми-зерттеу әлеуетінің жоғары екенін және заманауи технологияларды тәжірибеде қолдануға деген қызығушылықтың артқанын атап өтті.

Салтанатты жиын қорытындысында ғылыми жұмыстардың сапасын арттыру, ғылыми жетекшілердің бақылауын күшейту, зерттеулердің практикалық маңызын дамыту және инновациялық әдістерді кеңінен енгізу бойынша ұсыныстар талқыланды.