Жаңалықтар

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА ДУЛАТИ СТУДЕНТТЕРІ ТОП ЖАРДЫ

17–18 сәуір күндері Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша XVIII Республикалық олимпиада өтті. Білім додасына еліміздің 15 жоғары оқу орнынан 45 студент қатысып, өзара бақ сынасты.

Олимпиада қорытындысы бойынша М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының студенті Екатерина Копылова жеке есепте І орынды иеленді. Аталған жетістік университетке келесі XIX Республикалық олимпиаданы өткізуге базалық жоғары оқу орны болуға мүмкіндік беріп отыр. Сонымен қатар, университеттің «У-Даль-цы» командасы командалық есепте ІІ орынды жеңіп алып, шығармашылық байқау нәтижесі бойынша ІІІ орынға ие болды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз. Еңбектеріңіз жана берсін, жеңістеріңіз көп болсын!