Университет қабырғасында Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова Польша Республикасы, Лодзь университетінің ғалымы Magdalena Maria Matusiak-Frącczak (Магдалена Мария Матусяк-Франчак) қабылдады.
Ғалым Erasmus+ бағдарламасы аясында 20–24 сәуір аралығында «Экономика және құқық» факультетіне семинарлар мен дәрістер өткізу үшін Дулати университетіне арнайы шақырылды.
Сапар барысында ғалым профессор-оқытушылар құрамы және студенттермен кездесулер өткізіп, академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру, академиялық ұтқырлықты кеңейту және халықаралық тәжірибе алмасу бағыттары қарастырылмақ. Ғалымның қатысуымен дөңгелек үстелдер, әдістемелік семинарлар және кеңес беру кездесулері ұйымдастырылып, оқу үдерісіне заманауи тәсілдер мен еуропалық тәжірибені енгізу мүмкіндіктері талқыланатын болады.
Ғалым бас ғимаратта орналасқан мұражайда М.Х. Дулатидің шығармашылығымен танысып, тарихи жәдігерлер, мұрағат құжаттары, фотосуреттер және сирек басылымдарға қызығушылық танытты.
Кездесу соңында Шолпан Есімова ғалыммен халықаралық байланыстарды дамыту, Erasmus+ бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты кеңейту және академиялық әріптестікті нығайту мәселелерін талқылап, ғалымға алдағы дәрістерге сәттілік тіледі. Ал, шетелдік ғалым өз кезегінде жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, Дулати университетімен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізді.
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Медиа орталығы


