Жаңалықтар

БІЛІМ МЕН БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ!

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде 1 қыркүйек – Білім күніне арналған «Dulaty One — Бір жүрек! Бір болашақ!» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды.

Жиынға университет басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер, ата-аналар және студенттер қатысты.

Салтанатты басқосуды Басқарма Төрағасы – Ректор Ләззат Еркінбаева құттықтау сөзбен ашып, білімгерлерге ақжолтай тілегін жеткізді. Өз сөзінде, студенттік кезеңнің адам өміріндегі маңызды белестердің бірі екенін атап өтіп, жастарды сапалы білім алуға, ізденуге, университет өміріне белсенді араласуға және өз мүмкіндіктерін толық пайдалануға шақырды. Сонымен қатар, жаңа оқу жылында барша білім алушыға табыс пен жоғары жетістіктер тіледі.

Жиын барысында университет табалдырығын алғаш аттаған бірінші курс студенттерінің Ант қабылдау рәсімі өтіп, жас білімгерлерге студенттік билеттер табысталды.

Салтанатты жиынның соңы мазмұнды концерттік бағдарламаға ұласты. Университет студенттері ән мен биді үйлестіре отырып, көрермен назарына түрлі шығармашылық қойылымдар ұсынды. Ұлттық өнер мен заманауи бағыттағы өнер туындылары мерекелік шараның мазмұнын толықтыра түсті.