Факультет жаңалықтары (Педагогика)

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәсіптік оқыту бағдарламасы бойынша интерактивті әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар өтті. 

Модератор кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к.,Таукебаева Күнсұлу Сатхановна болды. Кафедра меңгерушісі PhD, қауымдастырылған профессор Кошкинбаева Нұргүл Рыспайқызының « Орта мектеп және ЖОО білім беру бағдарламаларының сабақтастығының үйлесімділігі» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Сондай ақ, семинарға Тараз қаласы, Талас, Жуалы, Жамбыл, Тұрар Рысқұлов, Меркі, Байзақ аудандарының көркем еңбек пәні мұғалімдері қатысып кәсіптік оқыту, көркем өнер саласындағы интерактивті әдіс-тәсілдеріқарастырылды. Көркем еңбек пәні кітаптарының олқылықтары, Қазақстан ауыл шаруашылығы өндірісін алға қойғандықтан кәсіптік оқыту саласында ауыл шаруашылығы бөлімімен кәсіпкерлік негізі бөлімдерін көркем еңбек кітаптарында қайта қарау, талдау мәселесі жан-жақты талқыланды. «Кәсіптік оқыту», «Көркем еңбек және сызу пәні мұғалімі» БББ-на 2024-2025 оқу жылындағы мемлекеттік білім беру гранттары туралы ақпараттар беріліп, кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді.

Құстар арқылы қоғамдағы мәселелерді жеткізу, жемқорлықтың соңы неге соғарының айғағы.Авторы: Д.Исабеков.

Биыл Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ардагер журналист, мәдениет майталманы Асқарбек Ақылшаұлы Сейілхан мерейлі 75 жасқа толды. Аталмыш мерейлі күнге орайластырып өзінің «ШЕР АҒАНЫҢ ШЕКПЕНІНЕН ШЫҚПАСАМ ДА...» атты кітабын жарыққа шығарды.

Осы ретте өлкенің мәдени, рухани тынысына, әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып жүрген ел ақсақалының мерейлі мерекесін өскелең ұрпаққа өнеге ету үшін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы бенефис кеші және кітаптың таныстырылымын ұйымдастырды.

Бенефис кеші мәдениет майталманының халық жазушысы Шерхан Мұртазаның жазбаларынан дайындалған қойылыммен басталды. Оған кеш қонағы өзі Шераға образымен көпшілік алдына шығып, монолог оқыды. Бұдан кейін кеш жүргізушісі журналист, Ш.Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының директоры Жасұлан Әбдіхалық Асқарбек Ақылшаұлын ортаға шақырды. Кеш одан әрмен «Жамбыл» телеарнасындағы Гүлбаршын Құланбаева бастаған шәкірттерінің дайындаған бейнефильмін тамашалаумен жалғасты.

Кеш барысында кітапта баяндалған ерекше оқиғалар турасында кітап авторына, оқиға куәгерлеріне сұрақтар қойылды. Екі жақты әңгіме-сұхбат форматындағы бенефисте актер Асқарбек Сейлілханның сахналаған образдарынан Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының әртістері сахналық қойылым да көрсетті. «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында облыстың оқулық қоры тағы бір құнды кітаппен толықты. Асқарбек Ақылшаұлының «Шераға шекпенінен шықпасам да...» кітабының таныстырылымын кеш соңында қазақы «сыр сандықты» сиволикалық кілтпен ашып, кітаптарын өскелең жас ұрпаққа табыстады

. Ал орталық тарапынан авторға іс-шара басталғалы елдің ықыласы, ізгі тілегі жазылған «тілек кітабы» берілді. Іс-шара соңында облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов пен мемлекеттік сыйлықтың лауреаты ҚР халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов құттықтау сөзін айтып, жас оқырмандарға ақ батасын берді.

М Х Дулати атындағы Тараз университенде Мәдениет және өнер кафедрасында, кафедраның меңгерушісі Айгүл Қабиқызының қолдауымен аға оқытушы Айтибаев Қажыбайдың идеясымен Лаборотория-АКК-75 өнер лабороториялық ашылды . 

Өнертану ғылымының кандидаты Кулбаев Аман Бекенұлы Актерлік өнердің негізгі қағидаларымен таныстырды, студенттерді сахна өнерінің негіздерімен актердің эмоция, дауыс, қимыл және серіктеспен жұмыс жасау қабілеттерін дамытуға бағытталған шығармашылық мастер класс өткізілді. 

Іс-шара барысында қатысушылар Дариға Туранкулованың өмір жолы мен шығармашылығына қатысты тың мәліметтер алды. Кездесу ашық сұхбат түрінде өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Кеш мазмұнды әрі әсерлі өтті. 

Тәрбие және жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен концерт өтті. Іс-шараның мақсаты – жаңа студенттерді университет өмірімен таныстыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Концерт барысында студенттер ән айтып, би билеп, түрлі көркем өнер нөмірлерін көрсетті. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 

Сабақтың мақсаты — студенттерге музыкалық театр ұғымын түсіндіру, қазақ музыкалық театрының қалыптасу тарихымен таныстыру, театр жанрлары мен олардың ерекшеліктерін талдау, сондай-ақ болашақ мәдени-тынығу қызметінің ұйымдастырушылары ретінде театрлық өнер элементтерін тәжірибе жүзінде қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Тәжірибелік ашық сабақ барысында студенттер музыкалық театрдың шығу тарихы мен даму кезеңдері туралы теориялық мәліметтер алды. Қазақ музыкалық театрының алғашқы қадамдары мен оның мәдениетіміздегі рөлін талқылады. Сабақ интерактивті форматта өтті. Студенттер шығармашылық композиция арқылы музыкалық үзінділер орындады, шығармашылық мини-жоба түрінде өз интерпретацияларын ұсынды.

Сабақ барысында заманауи педагогикалық технологиялар мен шығармашылық әдістер қолданылды. Бұл тәсілдер студенттердің қызығушылығын арттырып, өнер мен мәдениетке деген шығармашылық көзқарастарын кеңейтті. Өткізілген ашық сабақ студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға, шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыруға және мәдениет саласындағы кәсіби біліктіліктерін нығайтуға бағытталды.

Сабақ жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың оң пікірлері мен қызығушылығын тудырды.

Өткізген: Педагогика магистрі, аға оқытушы Утепова Алма Қасқырбайқызы