Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті білім алушылар!

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде 2026–2027 оқу жылына оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер алуға құжаттар қабылданатынын хабарлаймыз.

Жеңілдіктер Директорлар кеңесінің 2026 жылғы 28 тамыздағы №14 хаттамалық шешімімен бекітілген жаңа Ережеге сәйкес беріледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 27 қазаннан 5 қарашаға дейін.

Оқу ақысына жеңілдіктер алуға құжаттар 2026–2027 оқу жылында бір рет қана қабылданады.

Жеңілдік алуға үміткер студенттер, магистранттар және докторанттар белгіленген үлгідегі өтініш пен растайтын құжаттарды көрсетілген мерзімде тиісті жоғары мектептің деканатына тапсыруы қажет.

Толық ақпаратты тиісті жоғары мектептің деканатынан ала аласыздар.