News

УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІЛІМ БӘЙГЕСІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде «6В01601 – Тарих мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша, Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған XIII Республикалық пәндік олимпиада өтті.

Аталған білім додасына М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі III орынды иеленді. Университет намысын қорғаған білімгерлер теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын сәтті дәлелдеп, нәтижесінде 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақыға ие болды. Жетекшісі: Динара Данабекова.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа биіктерге жете берулеріңізге тілектеспіз!