News

ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер бойынша проректор Рысгүл Құдретуллаева еліміздің білім саласына өз үлесін қосып жүрген ұстаздарға марапаттарын табыстады.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының бұйрығымен М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ұстазы Лаура Юсуповаға философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ұстазы Гүлнара Смағұлова «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Салтанатты жиын соңында проректор марапат иелерін құттықтап, алдағы еңбектеріне толағай табыс, шығармашылық жетістіктер мен кәсіби биіктер тіледі.