News

ERASMUS Jean Monnet Modules жобасы аясында грант иегерлері атанды

«Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушылары ERASMUS Jean Monnet Modules жобасы аясында грант иегерлері атанды. «European Approaches to Public Service Management and Good Governance» (Мемлекеттік қызметті басқарудың  тиімді Еуропалық тәсілдері) жобасы білім алушылардың Еуропалық Одақтағы басқару қағидаттары, мемлекеттік қызметті басқару модельдері және цифрлық трансформация практикасы туралы білімдерін тереңдетуге бағытталған.

Жоба жетекшісі – «Экономика және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Қайрат Базарбайұлы Шалдарбеков, жобаға қатысушылар – э. ғ. д., стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Алтынбекқызы Есімова және кафедраның аға оқытушысы Зәуре Сәкенқызы Нурмухамбетова.

Жоба 3 жыл ішінде іске асырылатын болады.  Жобаның бюджеті - 16500 евро.

Бұл жобаны іске асыру М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің білім беру бағдарламаларына еуропалық тәсілдер мен тәжірибелерді орнықты енгізуге және интеграциялауға ықпал ететін болады.