News

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГРАНТ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ!

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің ғалымдары халықаралық ғылыми жобаларды іске асыру бағытында тағы бір маңызды нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, қауымдастырылған профессор, PhD Бекжан Абзалбекұлы және техника ғылымдарының кандидаты Абилхан Садибаев Erasmus+ бағдарламасы аясындағы FOOD4FUTURE «Strengthening product reformulation as a means for healthier choices for food consumers in Uzbekistan and Kazakhstan» халықаралық жобасын жүзеге асыруға арналған гранттық байқауда жеңіске жетті.

«FOOD4FUTURE» жобасы 2026–2029 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Жобаның жалпы қаржыландыру көлемі 795 953,22 еуроны құрайды.

Жоба аясында Қазақстан мен Өзбекстандағы тұтынушылар үшін денсаулыққа пайдалы тағам өнімдерін таңдауға мүмкіндік беретін тәсілдерді дамыту, өнім құрамын жетілдіру және осы бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту көзделеді.

Әріптестерімізді айтулы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жобаның табысты жүзеге асуына, халықаралық серіктестермен жемісті ынтымақтастық орнап, жаңа ғылыми нәтижелер мен биік жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспіз!