News

ДУЛАТИ СТУДЕНТІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ!

22–23 тамыз күндері Әзербайжан астанасы Бакуде қазақ күресінен ересектер арасындағы XII әлем чемпионаты өтті. Халықаралық додаға әлемнің бірқатар елдерінен мықты балуандар қатысып, ұлттық спорт түрінен шеберліктерін ортаға салды. 

Әлем чемпионатында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенті Ардақ Нұрсақ Қазақстан намысын қорғап, жүлделі орыннан көрінді. Ардақ Нұрсақ жарыста 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп, финалға дейін жетті. Нәтижесінде университет студенті әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

Жеңімпазды құттықтаймыз! Спорттық жолыңыз сәттілікке, жеңістерге және жаңа жетістіктерге толы болсын!