News

ДУЛАТИ СПОРТШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ!

Түркістан қаласында футзалдан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы студенттік спорт лигасының «Оңтүстік аймақтық» кезеңі өз мәресіне жетті. Аталған жарысқа өңірдің бірқатар жоғары оқу орындарының командалары қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Сайыс қорытындысы бойынша М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің ұлдар құрамасы жоғары деңгейде ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді. Команда турнир барысында ұйымшылдық пен кәсіби шеберліктің үлгісін көрсете білді. Команданың бас жаттықтырушысы – Жамбыл Бекназаров, жаттықтырушысы – аға оқытушы Ізбасар Өксікбаев.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан құрметке ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Спортшыларымызға алдағы жарыстарда биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз. Еліміздің намысын асқақтатып, әрдайым жеңіс тұғырынан көріне берсін!