Аттестат тапсыру

Әскери кафедра бастығы, полковник Мұқышев Сағат Аманкелдіұлына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2022 жылғы 24 тамыздағы № 378 «Ғылыми атақ беру туралы» бұйрығымен «Әскери ғылымдар» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.

Толығырақ

Түркиядағы әлем чемпионаты

2022 жылдың 12 мен 15 мамыры аралығында әскери кафедраның 911 оқу взводының студенті Уралбаев Талант Стамбул қаласында кикбоксингтен әлем чемпионатына қатысты. 3 орынға ие болып, медаль және дипломмен марапатталды.

IMG 20220607 0001
WhatsApp Image 2022 06 07 at 11.20.10
Толығырақ

Марапаттау

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедра офицерлері мерекелік медалімен марапатталды.

WhatsApp Image 2022 06 06 at 08.59.47
WhatsApp Image 2022 06 06 at 08.59.48
Толығырақ

Марапаттау

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай әскери кафедра офицерлері ҚР Қорғаныс министрінің, «Оңтүстік» ӨңҚ әскерлері қолбасшысының және Жамбыл облысы бойынша ардагерлер қоғамы төрағасының атынан Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Толығырақ

Марапаттау

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына орай запастағы полковник К.Ш. Сағымбаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығымен жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жұмыстарына елеулі үлес қосқаны үшін грамотамен марапатталды.

Толығырақ

Тараздағы волейболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының 211 оқу взводының студенті Құмаров Нұрдаулет Тараз қаласында 2022 жылғы сәуірдің 1 мен 10 аралығында волейболдан ерлер арасындағы өткен жоғары лиганың (қосалқы құрамның) Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысты.

ІІІ орын ие болды. Медальмен марапатталып, «Турдың үздік ойыншысы» номинациясына ұсынылды.

Толығырақ

Берлин қаласындағы паралимпиялық жүзуден Әлем кубогының чемпионаты

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының 211 оқу взводының студенті Искра Айбек 2022 жылғы 31 наурыз және 3 сәуір аралығында Берлин қаласында арқамен 50 метр қашықтықта паралимпиялық жүзуден ерлер арасында өткен Әлем кубогына қатысты.

ІІІ орын иеленді, медальмен және грамотамен марапатталды.

Толығырақ

АҚТАУ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН VII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АҚ БИДАЙ» АУЫЛДЫҚ СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУ

8-15 қазан аралығында Ақтау қаласында VII Республикалық «Ақ бидай» спорттық ойындары өтті, онда әскери кафедраның 911 оқу взводының студенті Уралбаев Талант кикбоксинг бойынша І орын алып, медальмен және дипломмен марапатталды.

Толығырақ

МАРАПАТТАУ

2021 жылдың 26 ақпанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  30 жылдығын мерекелеу қарсаңында студенттер арасында «Жауынгерлік даярлық нормативтерін үздік орындау» бойынша байқау өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен студенттер   А.Т. Қолхаметов, А.М. Мадиярхан, Ж. Бақытжанұлы, Б.Р. Нарботаев,       Д.Ф. Муралимов, Н.Г. Жақсымбет, Ф.А. Қамқабаев, И.К. Орынбай,             С.Е. Карим, Е.Т. Байдашев, Ш.А. Макшатов, А.А. Берік грамоталармен марапатталды.

Толығырақ

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ

2021 жылдың 15 мен 20 ақпан аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасының базасында университет ректоры бекіткен жоспарға сәйкес, әскери кафедра қызметкерлері «Әскери жоғары мектепте педагогикалық қызметті ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша онлайн форматта біліктілікті арттыру курсынан сәтті өтті.

Курс аяқталған соң тыңдаушыларға сертификат берілді.

Толығырақ

МАРАПАТТАУ

«Бүркіт» полицияға көмек көрсету студенттік жасағы 2020 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысы полиция Департаментінің қаржылай сыйақысымен марапатталды.

Толығырақ

АЛҒЫС ХАТ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Абай жолы» роман-эпопеясы бойынша Жаппай диктант жазу байқауына қатысқаны үшін әскери кафедра басқарушысының орынбасары запастағы подполковник Әлібеков Марат Файзрахманұлы алғыс хатпен марапатталды.

Толығырақ

МЕДАЛЬДАРМЕН МАРАПАТТАУ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал – майор Қарақұлов Қайдар Самиғоллаұлы әскери кафедра басқарушысы, магистр, полковник С.А. Мұқышевке әскери борышын адал орындағаны үшін «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің ардагері» медалін және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрылғанына 20 жыл толуына арналған мерекелік медальді салтанатты түрде табыс етті.

Толығырақ

ГРАМОТАЛАРМЕН МАРАПАТТАУ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры студенттерді әскери-патриоттық тәрбиелеу және жұмылдыру резервін дайындауға белсенді қатысқаны үшін запастағы полковник Егізеков Нұрлан Көптілеуұлы Құрмет грамотасымен марапатталды.

Университет ректорымен «Бүркіт» полицияға көмек көрсету студенттік жасағының студенттері Байтасов Нұрлыбек Сейсенұлы, Наметов Алмас Құрманбекұлы оқуда озаттылығымен, ғылыми жетістіктерімен ерекшеліп, университеттің қоғамдық - саяси, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін марапатталды.

Толығырақ

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ

2020 жылдың 2 мен 6 қараша аралығында М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің жанындағы Басқару, қауіпсіздік және арнайы бағдарламалар академиясының базасында қашықтықтан оқыту форматында әскери кафедра басқарушысы магистр, полковник С.А. Мұқышев әскери кафедралардың профессор-оқытушылар құрамының «Әскери жоғары мектепте педагогикалық қызметті ұйымдастыру» бағыты бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Толығырақ

МАГИСТР БІЛІКТІЛІГІН БЕРУ

Әскери кафедра басқарушысы полковник Мұқышев С.А. 2020 жылдың сәуір айында Омбы қаласындағы «Омбы мемлекеттік педагогикалық университеті» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесін сырттай бітірді. «Педагогикалық білім» дайындық бағыты бойынша магистратура бағдарламасын меңгерді және мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан сәтті өтті.

Толығырақ

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ

2020 жылдың 25 мен 29 мамыр аралығында  М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының цикл бастығы запастағы подполковник Д. Калилаев, М.С. Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ Университеті жанындағы басқару, қауіпсіздік және арнайы бағдарламалар Академиясында «Әскери жоғары мектепте педагогикалық жұмысты ұйымдастыру» бағыты бойынша біліктілігін арттыру курсының бағдарламасын өтті.

Толығырақ

Халықаралық турнирлер

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті әскери кафедрасының 528 оқу тобының студенті Бекзадаев Ильяс 2020 жылдың 3 мен 5 қаңтар аралығында 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде каратэден BOSPHORUS CUP халықаралық турнирінде жүлделі І орынды иеленіп, медальмен және дипломмен марапатталды.

Толығырақ