Факультет жаңалықтары (Педагогика)

Дулати университетінің оқытушылары инклюзивті білім беру бойынша халықаралық конференцияға қатысты.

  М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің профессорлық оқытушы құрамы - п.ғ.к., доцент Г.Е. Санай және Э.Ж. Амиркенова SDU University базасында өткен «II International Conference on Science Talks: All about Inclusion» ІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

Іс-шара инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін талқылауға арналған негізгі диалог алаңына айналды. Қатысушылар назарына келесі мәселелер ұсынылды: Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудың инновациялық әдістемелері; Білім беру процесіне цифрлық технологиялар мен IT-шешімдерді енгізу; Қазіргі мектеп пен жоғары оқу орны жағдайында білім алушыларды әлеуметтік бейімдеу. Әріптестеріміздің мұндай деңгейдегі іс-шараға қатысуы Дулати университетінің жоғары ғылыми әлеуетін және біздің кедергісіз білім беру ортасын дамытуға деген ұмтылысымызды айқындайды. Конференция аясында университетіміздің өкілдері халықаралық сарапшылармен тәжірибе алмасып, заманауи EdTech шешімдерінің көрмесімен танысты.

Мұндай кездесулер жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және университетіміздің оқу процесіне озық ғылыми жетістіктерді енгізуге ықпал етеді.