Педагогикалық психология

Болтаев Алтынбек Дузгембаевич

қауымд.профессор, п.ғ.к.

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

 

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

1976-1980 жылдар аралығында  Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының физика факультетінің «физика мұғалімі» мамандығын бітіріп,1980-1984 жылдар аралығында Жамбыл облысы,Свердлов ауданындағы Суханбаев атындағы орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі қызметін атқарды.                                   1984 жылдан бастап Жамбыл мемлекеттік педагогикалық институтында,оқу орындарының бірігуіне байланысты қазір 2026 жылға дейін үзіліссіз М.Х Дулати  атындағы Тараз университетінің «Педагогикалық психология» кафедрасында  қызмет атқарады.    1984-1986 жылдар аралығында Жамбыл мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультеті«Жалпы физика кафедрасының»  оқытушысы болып қызмет етіп,1987-1996 жылдар аралығында «Жалпы педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы,аға оқытушысы қызметін атқарды.

      1988 жылдан бастап Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінде 13.00.01– «Жалпы педагогика,педагогика тарихы және этнопедагогика» мамандығы бойынша  ізденуші болып бекітіліп,осы салада ұзақ жылдар  бойы ғылыми педагогикалық зерттеулер жүргізді. 1994жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университетінде педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алу үшін диссертация қорғап,ғалым-педагог атанды,тақырыбы: «Пәнаралық байланыс арқылы экологиялық тәрбие беру»,мамандығы:13.00.01–«Жалпы педагогика, педагогика тарихы және этнопедагогика».

      1996-1998 жылдар аралығында Тараз мемлекеттік педагогикалық интитутының «Психология және социология» кафедрасының  кафедра меңгерушісі,1998-1999 жылдары педагогика факультетінің кәсіподақ ұйымының төрағасы,1999-2000 жылдары педагогикалық факультеттің деканының орынбасары болып, 2006-2007жылдары жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы қызметін атқарды,педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.     2002-2005жылдар аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің доктарантурасын бітіріп, ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша бес оқу құралы, монография және 150-ден аса ғылыми еңбектер  басылымдарда жарияланды.

     Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институты мен Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім Академиясымен бірлескен «Психодиагностика зертханасы» ашылып және сол  зертханада меңгерушісі қызметін атқарды.

     Бірнеше жыл Тараз Мемлекеттік Педагогикалық институтының диссертациялық Кеңесінің мүшесі болып,«13.00.01–Жалпы педагогика, педагогика тарихы және этнопедагогика»  мамандығы бойынша сайланды.

     «Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының корреспондент мүшелігіне» 2006 жылы 25 сәуірде сайланды.Кәзіргі кезде «Педагогикалық психология»  кафедрасында қауымдастырылған профессор қызметін атқарады.Жұмыс тәжірибесі 42 жыл.

«Күміс университет» жобасын жүзеге асыру:психикалық саулықты қамтамасыз етуді зерттеу

Көпжылдық ғылыми- педагогикалық еңбектер  ескеріле отырып,2017 жылы «Ыбырай Алтынсарин» медалімен,«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, 2019 жылы «Қазақстанның құрметті ұстазы-2019»  төсбелгісімен,2020 жылы «Қазақстанның құрметті профессоры» төсбелгісімен, Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының құрылғанына 40жыл,45жыл,50жыл мерейтойларына байланысты төсбелгілерімен марапатталды.