Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (ЖЖОКБҰ) оқуға қабылдану үшін талапкерлер келесі құжаттарды ұсынады:
ЖЖОКБҰ басшысының атына еркін нысанда жазылған өтініш;
Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжаттың төлнұсқасы;
Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) сертификаты;
Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық нұсқасы (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3×4 сантиметр көлеміндегі 6 дана фотосурет;
075-У нысанындағы медициналық анықтама (QR кодпен);
Ведомостан үзінді (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» және «Денсаулық сақтау» салалары бойынша);
Білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік (жеңілдіктер мен квоталарға ие тұлғалар үшін қосымша растайтын құжаттарымен бірге ұсынылады);
eGov Mobile қосымшасынан алынған әскери тіркеу туралы құжат (ер балалар үшін, күндізгі бөлімге түсушілерге);
Мерзімді әскери қызмет өткергенін растайтын анықтама (ХҚКО-дан немесе eGov ақпараттық жүйесі арқылы алынған).
Ұлттық бірыңғай тестілеу
ҰБТ
Өтініш қабылдау уақыты
Өткізілетін уақыты
1-ші ҰБТ
20 – 30 желтоқсан
10 қаңтар - 10 ақпан
2-ші ҰБТ
15 - 25 ақпан
1 наурыз – 6 сәуір
3-ші ҰБТ
11 - 25 сәуір
10 мамыр мен 10 шілде
4-ші ҰБТ
25 шілде 5 тамыз
10 - 20 тамыз
Маңызды:
10 мамырдан 10 шілде аралығында ҰБТ тапсырған тестіленушілер-(тестілеудің екі мүмкіндігінің ішіндегі ең жоғары ҰБТ нәтижесімен, Сіз білім гранттарын тағайындау конкурсына қатыса аласыз);
Өтініштерді қабылдау мерзімі:
Шығармашылық емтихандарға: 20 маусым – 6 шілде
Арнаулы емтихандарға: 20 маусым – 24 тамыз
Конкурсқа қатысуға: 13 – 20 шілде
Студенттер қатарына қабылдау: 25 тамызға дейін
Емтихандарды тапсыру мерзімі:
Шығармашылық емтихандар: 7 – 15 шілде
Арнаулы емтихандар: 20 маусым – 24 тамыз
Ескертпе: ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл жинамаған, нәтижелері жойылған немесе бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін талапкерлер жоғары оқу орнына (бұдан әрі – ЖОО) ақылы негізде қалаған білім беру бағдарламалар тобы бойынша 1 оқу жылы аяқталғанға дейін қабылданады. Олар Ұлттық бірыңғай тестілеуді шекті балл алғанға дейін қаңтар–ақпан, наурыз, мамыр–шілде және тамыз айларында қайта тапсыра алады.
Қосымша талап:
Педагогикалық ғылымдарын таңдаған талапкерлер қосымша арнаулы емтихан тапсырады.
Маңызды ақпарат:
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеттің барлық білім беру бағдарламаларына оқуға қабылданған студенттер «Әскери» кафедрада білім ала алады.