Музыка және көркемдік білім

Бейсеуов Сейсенби Бейсеуович

қауымдастырылған профессор, доцент,  п.ғ.к.

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

 

 

 

Кәсіби өмірбаяны/Білім

Бейсеуов Сейсенбі 1951 жыл 27 наурыз. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қуаныш ауылында дүниеге келді. П. И. Чайковский атындағы музыка училищесінде аспаптық орынлаушылық "Виолончель" мамандығына түсті. Алматыдағы П. И. Чайковский атындағы музыкалық училищені 1976 жылы бітіріп жолдамамен Жуалы ауданындағы Д. Д. Шостакович атындағы Балалар музыка мектебінде мұғалімдік еңбек жолын бастады. Талдықорған I. Жансүгіров атындағы педагогикалық институттың "Музыкалық білім" мамандығын бітірді. Қазақ ССР халыққа білім беру министрлігінің Құрмет грамотасымен наградталады. 1995 жылы 22 тамыз білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі" белгісімен марапатталғандығы туралы куәлік берілді.  1998 жылы Тараз қаласындағы №12 Керімбай орта мектебінде ұзтаздық қызмет атқарды. 1999 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде оқытушы, 2003 жылдан аға оқытушы қызметін атқарып келеді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісі №0556 06.05.2015ж №237-к көп жылдық еңбегінің жемісі үшін марапатталады. 2015 жылы маусым айында ТарМПИ қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына ие болды