Хабарландыру

Хабарландыру!

«М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Басқарма мүшелерінің бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурс өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

«М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 13 мекенжайы, «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) келесі бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

- Басқарма мүшесі – ғылым, инновация және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор;

- Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор;

- Басқарма мүшесі – қаржы және экономикалық даму жөніндегі проректор.

Қоғам қызметінің негізгі нысанасы жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсету болып табылады.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

  1. Басқарма мүшесі – ғылым, инновация және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор лауазымы бойынша:

1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы;

2) білім беру ұйымдарында және (немесе) білім беру саласындағы уәкілетті органда не өзге де мемлекеттік органдарда және (немесе) ұйымдарда басшылық лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы;

3) ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесінің немесе философия докторы (PhD) дәрежесінің болуы;

4) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Корпоративтік басқару кодексін», «Ғылым және технологиялық даму туралы» заңнаманы білуі;

5) ауқымды республикалық жобаларды іске асыру бойынша практикалық тәжірибесінің болуы;

6) цифрлық университетті және ақпараттық қауіпсіздік стандарттарын енгізу тәжірибесінің болуы;

7) ірі ғылыми-зерттеу жобаларын қаржыландыруды ұйымдастыру саласында практикалық тәжірибесінің болуы;

8) Қазақстан Республикасының қатысуымен халықаралық жобаларды ұйымдастыру тәжірибесінің болуы;

9) реферативтік деректер базаларында және уәкілетті орган ұсынған журналдарда мақалаларының болуы құпталады;

10) дербес қаржы-шаруашылық қызметті жүргізу тәжірибесінің болуы;

11) шетелдік білімінің/тағылымдамадан өту тәжірибесінің болуы құпталады;

12) ақпараттық қауіпсіздік саласындағы сертификаттарының болуы құпталады;

13) жоғары білім беру саласындағы менеджмент бойынша сертификаттарының болуы құпталады;

14) басқарудың алқалы органдарында жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады;

15) ағылшын тілін білуі құпталады;

16) ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды – ғылыми зертханаларды, зерттеу орталықтарын, тәжірибелік-конструкторлық бюроларды дамыту тәжірибесінің болуы құпталады;

17) индустриялық саясат шеңберінде елдің дамуының басым бағыттары бойынша экономиканың нақты секторымен ынтымақтастық тәжірибесінің болуы құпталады.

 

2. Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор лауазымы бойынша:

1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы;

2) жоғары білім беру ұйымдарында және (немесе) жоғары білім беру саласындағы уәкілетті органда және (немесе) оған ведомстволық бағынысты ұйымдарда басшылық лауазымдарда кемінде 5 (бес) жыл еңбек өтілінің болуы;

3) ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесінің немесе философия докторы (PhD) дәрежесінің болуы;

4) корпоративтік басқару кодексін білуі;

5) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, тәрбие жұмысы немесе білім беру ұйымдарында әлеуметтік және тәрбиелік жобаларды басқару тәжірибесінің болуы;

6) студенттік ұйымдармен, білім алушылармен және жастар бірлестіктерімен өзара іс-қимыл тәжірибесінің болуы;

7) білім алушыларды, оның ішінде шетелдік білім алушыларды және (немесе) академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында білім алушыларды бейімдеу бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы (қалаулы);

8) білім алушылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және деструктивті факторларға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл тәжірибесінің болуы (қалаулы).

 

  1. Басқарма мүшесі – Қаржы және экономикалық даму жөніндегі проректор лауазымы бойынша:

1) қаржы, экономика, басқару және сабақтас салалар бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы;

2) кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілінің болуы, оның ішінде қаржылық-экономикалық басқару, корпоративтік даму, ішкі бақылау, аудит, стратегиялық жоспарлау салаларындағы лауазымдарда және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектілерінде жұмыс өтілінің болуы;

3) Корпоративтік басқару кодексін, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі;

4) Қазақстан Республикасының қатысуымен халықаралық жобаларды ұйымдастыру тәжірибесінің болуы;

5) бюджеттік және қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру тәжірибесінің болуы;

6) Даму жоспарын әзірлеу, өзектендіру, іске асыру және сүйемелдеу, негізгі көрсеткіштердің орындалуына мониторинг жүргізу тәжірибесінің болуы;

7) Даму жоспарының көрсеткіштеріне қол жеткізу мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру тәжірибесінің болуы;

8) қаржылық, экономикалық және басқарушылық көрсеткіштерді талдау тәжірибесінің болуы;

9) стратегиялық жоспарлау, басқарушылық шешімдер қабылдау, жобалар мен өзгерістерді басқару дағдыларының болуы;

10) мемлекеттік органдармен, Директорлар кеңесімен, Басқармамен, Ішкі аудит қызметімен және өзге де мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесінің болуы;

11) ұйымдық құрылымды жетілдіру, функцияларды қайта бөлу және басқару процестерін оңтайландыру тәжірибесінің болуы;

12) қаржылық ресурстар мен мемлекеттік мүліктің пайдаланылуына ішкі бақылауды ұйымдастыру тәжірибесінің болуы;

13) корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару, қаржылық тәртіп және басшылардың дербес жауапкершілігі қағидаттарын қолдану тәжірибесінің болуы;

14) инвестициялар, гранттар және бюджеттен тыс қаражаттарды тарту тәжірибесінің болуы;

15) мінсіз іскерлік беделінің болуы, кәсіби және корпоративтік этика нормаларын сақтауы, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулердің болмауы.

 

Конкурсқа қатысуға мынадай тұлғалар жіберілмейді:

- жиырма бес жасқа толмаған тұлғалар;

- бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғалар;

- өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы бар тұлғалар;

- медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған тұлғалар;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

 

Конкурсқа қатысу үшін кандидат Қоғамның Корпоративтік хатшысына қағаз және электрондық тасымалдағыштардағы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) Тәртіпке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) Тәртіпке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлемі 3х4 түрлі-түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

4) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері, салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсыну арқылы (шетелде алынған білім туралы құжаттарды нострификациялау талаптарын, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген құжаттарды ескере отырып);

5) жұмыс (қазіргі немесе соңғы) орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) құжаттарды ұсынған күнге дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген № 075/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды);

7) құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген наркологиялық ұйымнан анықтама.

9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымды атқаруға тыйым салынбағанын растайтын құжат.

Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда конкурсқа қатысушылар 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар білімін, еңбек өтілін, кәсіби деңгейін және беделін растайтын мәліметтерді қосымша ұсынуға құқылы (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелері мен атақтарын беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де мәліметтер).

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

Конкурсты өткізу күні мен орны (Директорлар кеңесінің отырысында өткізілетін әңгімелесу) қосымша хабарланады.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 11, 304 кабинет, Қоғамның Корпоративтік хатшысы Шуленбаев Жанболат Жылқыбаевич, телефон: 87775078700, электрондық пошта мекенжайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған..

«М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасын – Ректорын іріктеу мен тағайындау және Басқарма мүшелерін сайлау тәртібімен», оның ішінде өтініш пен қызметтік тізім нысандарымен Қоғамның https://dulaty.kz/ сайтындағы «Корпоративтік басқару» бөлімінде немесе Қоғамның Корпоративтік хатшысынан танысуға болады.

Өтініш

Тәжірибе тізімі