Хабарландыру (Сатып алу)

Хабарландыру!

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті «Бюджет қаражаты есебінен ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына» сәйкес, 2026 жылғы 9 қазаннан бастап AP26195231 бағдарламасы бойынша «Тазарту құрылыстарындағы ағынды суларды тазарту үшін циклдік адсорбциялық-тотығу технологиясын қолдану» жобасын іске асыру шеңберінде жекелеген бағыттар бойынша реактивтер мен шығыс материалдарды сатып алуға баға ұсыныстарын (конкурстық баға ұсыныстарын) қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Реактивтер мен шығыс материалдарға арналған баға (конкурстық) ұсыныстарын және коммерциялық ұсыныстарды (прайс-парақтарды) қабылдаудың соңғы мерзімі — 2026 жылғы 19 қазан.

Сатып алынатын реактивтер мен шығыс материалдарға рәсімделген баға ұсыныстары (конкурстық баға ұсыныстары) мөрленген конвертте мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: 080012, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 13, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті (2-қабат, № 203 кабинет) немесе электрондық түрде мына электрондық пошта мекенжайына жіберілуі тиіс: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

plizh-filtr-2026-kaz