Жаңалықтар

УНИВЕРСИТЕТ ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҒЫЛЫМИ АТАҚ БЕРІЛДІ!

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің жас ғалымы Боркулакова Жанерке Қуандыққызына философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2026 жылғы 27 тамыздағы №631 «Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы» бұйрығына сәйкес, Жанерке Қуандыққызына 8D07212 – «Инновациялық текстиль» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі тағайындалды.

Ғылыми-зерттеу жұмысына техника ғылымдарының кандидаты, доцент Мухамеджан Шардарбек және PhD, доцент Малохат Илхамова ғылыми кеңесшілік етті.

Университет ұжымы Жанерке Қуандыққызын және ғылыми кеңесшілерін айтулы жетістігімен құттықтайды! Алдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына табыс, жаңа ғылыми ізденістер мен толағай жетістіктер тілейміз!