Жаңалықтар

АДАЛДЫҚ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Дулати университеті Әлеуметтік-мәдени жұмыс департаментінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 8 қазанда «Sanaly urpaq» студенттік қозғалысы мүшелерінің қатысуымен «Адалдық – басты құндылық» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шара ашық диалог, пікір алмасу және еркін сұрақ-жауап форматында өтті. Кездесу барысында спикерлер өз бағыттары бойынша ой-пікірлерін ортаға салып, студенттермен адалдық, парасаттылық, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жастардың қоғамдағы жауапкершілігі жөнінде пікір алмасты. Кездесуді модератор ретінде Әлеуметтік-мәдени жұмыс департаментінің маманы Мамедалиев Ербол жүргізді.

Әлеуметтік-мәдени жұмыс департаментінің басшысы Ултанбаев Арнат Бегдалыұлы алғы сөзінде «Sanaly urpaq» студенттік қозғалысы туралы айтып,жастар арасында адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Жылысбаев Ернар Нұрболұлы – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарға тоқталып, жастардың құқықтық сауаттылығы мен қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымының маңыздылығын атап өтті.

Дулати университеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің басшысы – комплаенс-офицері Егембердиев Нұржан Анарбекұлы – университеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесі мен адалдық қағидаттарын сақтау жөнінде өз ойын білдірді.

Кездесу барысында студенттер де өз ойларын ортаға салып, спикерлерге көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Еркін пікір алмасу арқылы жастардың қоғамдағы адалдық пен әділдік қағидаттарына қатысты көзқарастары талқыланды.

Адалдық – тұлғаның айнасы, парасаттылық – қоғамның тірегі.