Кәсіби өмірбаян
Екінші шет тілі (Түрік тілі), Практикалық екінші шет тілі (Түрік тілі), Кәсіби екінші шет тілі (Түрік тілі), Арнайы мақсатқа арналған екінші шет тілі (Түрік тілі) саласындағы маман.
1996-2002 жылдары - «ДОС» ЖШС-де менеджер Алматы қ.;
2002-2005 жылдары - Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Тараз институтының «Жалпы түрік тілі» кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді;
2005-2006 жылдары - Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Тараз институтының «Жалпы түрік тілі» кафедрасының меңгерушісі;
2006-2011 жылдары - Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Тараз институтының «Жалпы түрік тілі» кафедрасында аға оқытушы;
2011-2012 жылдары - Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институтының «Герман тілдері және герман тілдерін оқыту әдістемесі» кафедрасының оқытушысы;
2012-2019 жылдары - Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институтының «Шетел тілдері» кафедрасының оқытушысы;
02.09.2019 жылы Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің «Әлем тілдері» кафедрасына аға оқытушы қызметіне ауыстырылды және аталмыш кафедрада аға оқытушы қызметін атқарып келеді.
24 жылдық ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, 40-тан астам ғылыми-әдістемелік жарияланымдардың авторы.
Білім беру саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі, қабілетті, кәсіби мамандарды дайындау мен тәрбиелеу жұмысына қосқан үлкен үлесі үшін және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Тараз қалалық мәслихатының Алғыс Хатымен марапатталған (14.12.2018)
Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми–педогогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын «Өрлеу БАҰО» Республикалық институтының «Жоғары мектептің оқу-тәрбие үрдісінде портфолионы қолданудың теориясы мен практикасы» тақырыбында тәжірибелік сабақтардың ұйымдастырылуына белсене қатысқаны үшін Алғыс Хатымен марапатталған (Алматы қаласы, 2019)
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінде 25-26.02.2020 күні ұйымдастырылған «Шетел тілдері» мамандықтары бойынша жоғары оқу орындары студенттері арасындағы Республикалық пәндік олимпиадасына белсене қатысқаны үшін Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің Алғыс Хатымен (студентке жетекшілік ету) марапатталды. (Алматы қаласы, 25-26.02.2020)
Білімі
1992-1996 жж. – бакалавриат «Шығыстану» (Түрік филологиясы) мамандығы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, Алматы қ.
2017-2019 жж. – магистратура «Педагогика және психология» мамандығы Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті, Тараз қ.