Нурматова Диана Бекахметовна
преподаватель, Педагогика ғылымдарының магистрі
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.
Кәсіби Өмірбаяны/Білім
Кәсіби өмірбаяны
Нурматова Диана Бекахметовна – ағылшын тілі пәнінің аға оқытушысы, аудармашы және әдіскер. Шет тілдерін оқыту саласында 19 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті қызмет атқарады.
Оның кәсіби қызметінің негізгі бағыты – ағылшын тілін оқытудың тиімді әдістемелерін әзірлеу және оларды оқу үдерісіне енгізу. Педагогикалық тәжірибесінде заманауи білім беру технологияларын, коммуникативтік тәсілді және интерактивті оқыту әдістерін кеңінен қолдана отырып, студенттердің ағылшын тілін меңгеруге деген қызығушылығы мен мотивациясын арттыруға ерекше көңіл бөледі.
Диана Бекахметовна біліктілігін арттыру курстарына жүйелі түрде қатысып, жаңа оқыту әдістемелерін зерттейді және кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіріп отырады.
Еңбек тәжірибесі:
2007–2009 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
2009–2012 жж. – Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасы
2012–2018 жж. – Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, «Үштілді білім беру» бөлімі
2018–2021 жж. – Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, «Практикалық шет тілдері» кафедрасы
2021–2026 жж. – М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, «Әлем тілдер» кафедрасы
Білімі
Бакалавр дәрежесі
2003–2007 жж. – Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
2009–2011 жж. – М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Магистр дәрежесі
2021–2023 жж. – М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Ғылыми жобалар
Жарияланымдар
Ғылыми жетістіктер
Оқу-әдістемелік құралдардың авторы:
Ағылшын тілі грамматикасы (A1–B2 деңгейлері)