Версия для печати

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚЫТАЙ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛДІ

Дулати университетіне жұмыс сапарымен  Қытай мемлекетінде орналасқан Ланьчжоу политехникалық университетінің делегациясы келді. Қытайлық делегация құрамында Ланчжоу политехникалық университетінің вице-президенті Чжэн Сяопин, Қаржы бөлімінің директор орынбасары Хуа Сичин, Марксизм мектебінің деканы Рао Сюпен, Жаңа энергетика мектебінің деканы Хань Вэй, Гуманитарлық ғылымдар мектебінің деканының орынбасары Цянь Дэйюнь және Конфуций институтының директоры Ван Хайчжэнь болды.

Ланьчжоу политехникалық университеті 1919 жылы Ганьсу провинциясының техникалық колледжі ретінде құрылған және бүгінгі күні инженерлік базасы мықты әрі жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар саласындағы жетістіктері бар Қытайдың жетекші жоғары оқу орны.

Кездесуге Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер бойынша проректор Ләззат  Еркінбаева, Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова, Басқарма Мүшесі –ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев, Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан  Тұрлыбек, «Филология және гуманитарлық ғылымдар» факультетінің деканы Гүлнұр Исабекова, «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы Айсұлу Тұрарова, «Экономика және құқық» факультетінің деканы Қайрат Ернишев, Жаратылыстану ғылымдары факультетінің деканы Болат Тасуов және Технологиялық факультеттің деканы Әбілхан Сәдібаев қатысты.

Кездесу мақсаты – халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытып, әріптестік байланысты нығайту. Бірлесе жұмыс жасау арқылы жастарға білім мен дағдыны пайдаланып, тәжірибе алу арқылы кәсіби салаға қадам басуға мүмкіндіктер ашу.

Кездесу барысында екі университет арасында ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол қойылды. Құжат тараптардың бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыруға, академиялық байланыстарды кеңейтуге мүдделі екенін растады.

Қонақтар бас ғимаратта орналасқан мұражайда М.Х.Дулатидің шығармашылығымен танысып, әйгілі тарихшының жәдігерлері мен қоғамдық қызметін сипаттайтын мұрағат құжаттар, тарихи фотосуреттер, сирек басылымдарына қызығушылық танытты.

Сапар университет кампусы бойынша экскурсия және келіссөздердің қорытындылануымен аяқталды. Екі тарап болашақта ғылым, білім және мәдени бастамалар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендерін жеткізді.

Қонақтар университет басшылығына ерекше алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыратындығына сенім білдірді. 

делегация111

делегация2222ъъ

делегация3333

делегация4444

делегация5555

дел666

дел7777

 

Прочитано 60 раз