ТҰРЛЫБЕК АСЛАН ЕДІЛХАНҰЛЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма мүшесі – Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры.

Тұрлыбек Аслан Еділханұлы 1979 жылы 20 қарашада Алматы қаласында дүниеге келді.

1986-1996 оқу жылдары – Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы Келінтөбе орта мектебін бітірген.

1997-2001 жылдары – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің тарих-филология факультеті, Түркі мемлекеттер тарихы кафедрасын бакалавр, 2001-2003 жылдары осы университетін жалпы тарих кафедрасын магистр дәрежесі бойынша тәмамдаған.

2006-2007 жылдары  Түркияның Гази  университетінде, 2007-2013 жылдары Түркияның Анкара университеті, Әлеуметтік ғылымдар институтында тарих, жалпы түрік тарихы кафедрасында оқып, PhD докторы ғылыми дәрежесін алған.

2001-2003 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік университетінде оқытушы;

2003-2006  жылдары – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің тарих факультеті, жалпы тарих кафедрасының магистр-оқытушысы;

2013-2020 жылдары Сулейман Демирел университетінің PhD, аға-оқытушысы, PhD, ассистент-профессор, Әлеуметтік істер жөніндегі координаторы (декан орынбасары), «Тарих» Білім Беру бағдарламасының координаторы, Персоналды жетілдіру координаторы (декан орынбасары);

2020-2021  жылдары – Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту басқармасының басшысы.

2021-2023 жылдары Астана Халықаралық университетінің Әлеуметтік-тәрбие жөніндегі вице-президенті қызметін атқарды.