БІРІНШІ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ
Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің Қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушылары Мансурова Г. Н., Макимова Г. Т. Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевқа арналған онлайн – тәрбие сағатын өткізді.
ШЕКЕМТАС ОЙНАП ОНЛАЙН ЖАРЫСТЫ
Жуырда 1-4 курс арасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған шекемтас (қыздар) бойынша онлайн жарыс өтті.
ОНЛАЙН ФОРМАТТАҒЫ ОЙЫН
ҚР Тұңғыш президенті күніне орай ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан студенттер арасында онлайн жарыс өтті.
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ОЛИМПИАДА
"Шет тілдері" кафедрасын ұйымдастыруымен студенттерге арналған ағылшын тілі олимпиадасы өтті.
Жылда ұйымдастыстырылатын білім бәйгесі биыл жаңа форматта болды. Бұл жолы олар Google-дің алғашқы екі турына арналған формаларды қолданды.
Олимпиадаға университетіміздің жеті факультетінен Pre-Intermediate (A2 +) деңгейіндегі 30-ға жуық студент қатысты.
Кіл жүйріктен шын жүйрікті анықтайтын жарыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең лексика мен грамматика бойынша білімдері тексерілсе, екінші кезеңде студенттер оқылған мәтіннен қажетті ақпаратты бөліп алу қабілеттерін көрсетті. Қашықтықтан оқытудың талаптарын ескере отырып, ұйымдастырушылар студенттердің заманауи гаджеттер туралы және олардың жаңа ортада қаншалықты пайдалы екендігі туралы пікірін білуге шешім қабылдады. Қорытынды кезеңі «Әңгімелесу» ZOOM платформасында өтті.
Бірінші орынды Су шаруашылығы, экология және құрылыс факультетінің студенті Арсланға Умаров иеленді. Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің студенті Тоғжан Идрисова 2- орын алса, 3-орынды с Су шаруашылығы, экология факультетінің студенті Рахманқұлов Саиджан алды.
Жеңімпаздары салтанатты түрде сертификаттарымен марапатталды. DULATY UNIVERSITY логотипі бар тауарлардың кең таңдауы бар DUken университеттік интернет-дүкенінен сатып алынған естелік сыйлықтар олимпиаданың жаңалығы болды.
ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ БАС ҚОСУ
«Филология және журналистика» кафедрасын ұйымдастыруымен университеіміздің түлегі Серік Жолдасбаймен онлайн кездесу өтті.
Іс шараға жалпы саны 60-қа жуық студент пен оқытушылар қатысты.
Серік Жолдасбай — «Шұғыла», «ЖасАлаш»,«Айқын» басылымдарында қызметтін атқарған. Қазіргі таңда «Inbusiness.kz» сайтының редакторы.
Жиының басты қонағы жастарды «Youtube» желісінде табыс табудың алғышарттарын түсіндіріп, ақыл кеңесін берді. Әлеуметтік желінің аса маңыздылығын ескерткен тілші ағамыз жас журналисттердің сауалдарына тұшымды жауап бере отырып,тәжірибесімен бөлісті.
Сөз соңында өзінің де бұл салаға жаңадан келгенін ескере отырып, арнаға жазылуға үндеді.
Бейбарыс Шалабаев
"Конвергентттік журналистика" мамандығын
2 курс студенті
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ
«Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының аға оқытушысы Халыкова Жанна Әмірханқызы «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 3-курс студенттерімен «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы - ел-жұрт, ұлтымыздың алтын қоры» тақырыбында ашық куратор сағатын өткізді.
СТУДЕНТТЕР КӨЗІНДЕГІ КӨШБАСШЫ ТҰЛҒАСЫ
Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған.
КӨГАЛДАҒЫ ХОККЕЙДЕН
Алишер Сүйеубаев, 1 курс студенті, Жамбыл облысының құрама командасының ойыншысы 3 орынға ие болды.
КИНОДАҒЫ ДЕБУТ
Хабар агенттігінің тапсырысы бойынша, Barly Media production Ильяс Отан Продюсерлігімен және Ұлыбританиядағы Стерлинг университетінің «Кино және Медия» мамандығының түлегі Барлыбаев Армат Таженұлының режиссерлығымен «Мама» атты фильм түсірілген болатын.
ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері және «Үздіктер тандауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы!» атты республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті.
ӘЛЕМНІҢ ЕКІНШІ ҰСТАЗЫ
атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Дара тұлға - Әбу Насыр әл-Фараби» атты ғылыми-конференция.
ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТЕМІН
«Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Р.Т. Султанбекованың ұйымдастыруымен және гуманитарлық-әлеуметтік пәндер факультетінің 1 курс студенттерінің қатысуымен қараша айының 20 күні сағат 9.00де «Туған жерге тағзым етемін!» атты тақырыпта тәрбиелік іс шара өтті.
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ
Қашықтықтан оқытудың қазір гікезде әртүрлі оқу мақсаттарын жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктері бар.
ҰЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ – ҰЛЫ АБАЙЫ
20.11.20 жылы Гуманитарлық– әлеуметтік ғылымдар факультетінде "Қазақ және орыс тілдері" кафедрасының оқытушыларымен "Ұлы халықтың – ұлы Абайы" атты тәрбиеіс-шарасы өткізілді. Іс – шараны кафедра доценті Асанқұлова Б.С., аға оқытушы Калымбетова Н.П. ұйымдастырдып, өткізді. Іс – шара барысында студенттер ұлы ақынның шығармашылығыментанысып, Абай Құнанбаевтың өлеңдер әлеміне еніп, ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы слайд-шоу көрсетті, өлеңдер оқыды, әндерайтты. Іс-шараны ұйымдастырушылары. Абай шығармашылығында әр адамның өміріндегі адамгершілік қағидалары мен құндылықтарын қалыптастырудың жалпы адамзаттық мәселелері қалай ашылатынына ерекше назар аударды. Іс-шара қазақ жерінің ұлы ақынының шығармашылығы мен өмір жолын білуге арналған викторинамен аяқталды.
ОТАНҒА ДЕГЕН МАХАББАТТЫ
Тәрбие сағаты 19.11.2020 жылы сағат 17:00 де өтті. Тәрбие сағаты 2 тілде өтті.
АДАМ БОЙЫНДАҒЫ АСЫЛ ҚАСИЕТ
«Қазақ, орыс тілі» кафедрасының аға оқытушысы: Тулегенова Зульфия Джаналиевнаның ұйымдастыруымен қараша айының 16 күні сағат 12.00-де технологиялық факультетінің 3курс студенттері «Адам бойындағы асыл қасиет» атты тақырыпта ашық сабақ өтті.
МЕНІҢ ОТАНЫМ СУРЕТШІ КӨЗІМЕН
Қашықтықтан оқыту - тек білім беру процесі емес, сонымен бірге бұл тәрбие жұмысы.
Ғылыми-тәжірибелік конференция
«Шетел филологиясы және аударма ісі», «Шет тілдері» кафедраларында, ХХІІІ Студенттердің ғылыми-практикалық конференциясының (СҒТК) бірінші іріктеу кезеңі онлайн режимінде өтті.
Подробнее ...
АПТА АШЫҚ САБАҒЫ
«Қазақ және орыс тілі» кафедрасының аға оқытушысы Түлегенова Зульфияның ұйымдастыруымен «Здоровье человека-здоровье нации» , «100 кітап. Әлем музыкасының тарихы» , "Тараз жемчужина мировой истории" тақырыптарында ашық сабақтар өтті.
Ұйымдастырылған бұл іс-шаралар Zoom платформасы арқылы, студенттердің онлайн қатысуымен жүзеге асты. Алғашқы ашық сабақта ұлт саулығы, жастардың денсаулығы мен зиянды әдеттердің зардабы жайлы сөз қозғалса, «100 кітап. Әлем музыкасының тарихы» сабағында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында аударылған "Әлем музыкасының тарихы» кітабының мазмұны жан-жақты ашылды. Бұл кітап музыкатанушылар мен өнертанушыларға, музыка тарихына қызығатын барша оқырманға арналған. Еуропа, Қытай, Үндістан, мұсылман елдері, Оңтүстік және Солтүстік Америка музыкасындағы өзара байланыс пен музыка тарихындағы маңызды кезеңдер турасында жазылған. Ежелгі өркениеттерден бастап, орта ғасырлардағы мұсылман ғалымдарының теориялары, Қайта өрлеу кезеңінен постмодернге дейінгі Еуропа музыкасы, түрлі мәдени қақтығыстар жан-жақты қарастырылған.
«Kazakhstan University Development Program 2020»
«Шет тілдері» кафедрасының аға оқытушылары Грибенюк М.А, Рахимова Ю.С., Майлыбаева А.И. Қазақстандағы АҚШ Елшілігі тарапынан «Kazakhstan University Development Program 2020» атты бағдарламасы аясында онлайн курсқа қатысып біліктіліктерін арттырды.
ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУДАҒЫ БАСЫМДЫҚТАР МЕН ЖАҢА БАҒЫТТАР
Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының Ш.Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен "Жаһандану кезеңіндегі тілдерді оқытудағы басымдықтар мен жаңа бағыттар" атты республикалық онлайн конференция өтіп, біздің университетіміздің атынан екі адам Шет тілдіері кафедрасының аға оқытушысы, тіл білімі магистрі Наурызбаева Айгүл Маратқызы және Филология кафедрасының аға оқытушысы, филилогия ғылымдарының магистрі Қалиева Жансая Дарханқызы қатысты.
ОЙ ЖАРЫСЫНАН СЫНҒА ТҮСТІ
Ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан Дулати университетінің 1-курс студенттері арасында жекелей онлайн жарыс өтті. Жарысқа 14 студент қатысты. Қатысушылар белсенділік танытып, нәтижесінде 1-орынды Гулдерай Кенгесбаева (ТФ), 2-орынды Мұрат Орман (ФИТАТ), 3-орынды Әсет Тәкен (ГӘҒФ) иеленді.
ЖАЗУШЫ, ДРАММАТУРГ ЕЛЕН ӘЛІМЖАНМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін жазушы, драматург, публицист, Қазақстан жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Елен Әлімжанмен онлайн форматта кездесу өтті. Кездесуге филология және журналистика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, Жамбыл облысы мен Тараз қаласының шығармашыл, әдебиетсүйер жастары қатысты. Ұйымдастырылған шарада Е. Әлімжанның шығармашылығы турасында кеңінен әңгіме қозғалды.
ҚҰТТЫҚТАУ!!!
16-17 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 5В050300–Психология мамандығының Республикалық пәндік олимпиадасын онлайн форматта ұйымдастырып өткізді.