ДІН САЛАСЫНДАҒЫ КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ

2022 жылдың 18-ақпан күні «Текстиль материалтану және стандартизация» кафедрасының аға оқытушысы Ғ.Ә. Қасымованың бастамасымен «Инновациялық текстиль» мамандығының 1, 2-курс студенттеріне дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған кездесуге Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде қатысып, студенттерге баяндама жасады. Б.Алпысбаев өз баяндамасында: «...Қазіргі кездегі әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп отырған ғаламдық мәселе - діни экстремизм мен терроризм. Сондықтан студент жастардың бойында діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру үшін ұлттық имуннитетін дамыту - басты міндеттердің бірі саналады». Лекция барысында студенттер өздерін толғандырып жүрген сұрақтар төңірегінде ойларын ортаға салып, пікір алысты. Қатысқан саны – 35.

Подробнее

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ ИДЕЯЛАРДЫ АЛДЫН АЛУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ЖАСТАРДЫҢ САНАСЫНА ЖЕТКІЗУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

2022 жылдың 18-ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істер басқармасы және облыстық ардагерлер орталығының бастамасымен ұйымдастырылған іс-шараға Дулати университетінің атынан қатысып, жастардың ұлттық тәрбиесін қалыптастыру және олардың діни сауаттылығын арттыру мәселесіне байланысты өз ойымызды білдірдік. https://taraztv.kz/.../soc.../zhastar-terbiesi-ozekti-mesele

Подробнее

ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2022 жылдың 17-ақпанда «Спорт және өнер» факультетінің бастамасымен 5.1-111 оқу ғимаратында «Адам өмірі бәрінен құнды» тақырыбында жастар арасында құқықбұзушылық және діни экстремизм әрекеттерін алдын-алу мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Аталған кездесуге Тараз қалалық полиция басқармасының қызметкерлері, Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің құрамындағы Дінтану орталығы,  «Спорт және өнер» факультеттің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары және 1,2-курс студенттері қатысты. Жастардың бойында құқықтық және діни сауаттылықты қалыптастырудың маңыздылығы - олардың  қылмыстық әрекеттерге ұрынбау,  дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалына ұшырамау және өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдау болып табылады. Кездесудің соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасты. Қатысқандар саны – 70.

Подробнее

№3 БІЛІМГЕРЛЕР ҮЙІНДЕ ӨТІЛГЕН АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ

2022 жылдың 10-ақпанында "Орыс тілі және әдебиет" кафедрасы және Тәрбие жұмыстар және әлеуметтік мәселелер департаментіне қарасты Дінтану орталығымен бірлесе отырып, №3 Білімгерлер үйінде студент жастарға дін мен дәстүр сабақтастығы, дін және мемлекеттің арақатынасы, еліміздегі дін саласын реттейтін ҚР "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңының бағыттары және жатақхананың ішкі тәртіп Ережесін сақтау туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысқан студенттер саны -37.

Подробнее

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ЖАСТАР

2022 жылдың 09-ақпанында «Ақпарат жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы Л.А.Абдыкеримованың бастамасымен «Ақпараттық жүйелер технологиясы» мамандығының 1-2 курс студенттеріне  ұлттық тәрбие және дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына байланысты кураторлық сағаты өтілді. Аталған кезедесуге Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің бас маманы Б.Қ.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып, студенттердің бойында рухани тәрбие арқылы қалыптасатын ұлттық сана толыққанды қалыптасатын болса, сонда ғана жас ұрпақ радикалдық және деструктивтік діни идеологияның ықпалына ұшырамайды. Сол үшін жастардың ұлттық-рухани санасын түлету ісінде Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы т.б. қазақ ойшылдардың рухани еңбектері арқылы үлгі-өнеге бере аламыз. Сонымен қатар, студенттер ұлттық-рухани бірегейлікке байланысты өздерінің ойларын білдіріп, сұрақ-жауап ретінде жалғасын тапты.

Подробнее

«ҮШ ҚАСИЕТТІ: ТІЛІҢДІ, ДІНІҢДІ ЖӘНЕ ДІЛІҢДІ САҚТА!» АТТЫ ТАНЫМДЫҚ МАҚАЛАСЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаевтың «Жаңа өмір» Жуалы аудандық қоғамдық-саяси газетінің №5 (9182) 21.01.2022ж. санында «Үш қасиетті: тіліңді, дініңді және діліңді сақта!» атты танымдық мақаласы жарыққа шықты.

Подробнее

ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

2022 жылы 08-ақпанында «Туризм және сервис» кафедрасының аға оқытушысы А.Наурызбекованың ұйымдастыруымен «Туризм» мамандығының 1-курс студенттеріне тәрбие және дін саласына байланысты кураторлық сағаты өтілді. Бұл іс-шараға Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментіне қарасты Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев қатысып, ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі 2021 - 2023 жылдарға арналған кешенді жоспарда көрсетілгендей білім алушылардың діни сауатттылығын арттыру мәселесі ерекше екендігін атап өтті. Өйткені, жастар діни радикалдардың әсеріне ұшыраған осал топтардың бірі болып табылады. Қазіргі таңда алаңдайтын мәселе – жастардың интернет желісінде шетелдік діни уағызшылардың кесірінен өзге діни идеологияны қабылдауы. Сол үшін студенттер арасында дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу өте маңызды болып табылады. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауаптар берілді.

Подробнее

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДІНТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

2022 жылдың 03 - ақпанында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті КММ тарапынан «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын оқытудың өзекті мәселелері» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы облыстық семинар ұйымдастырылды. Бұл облыстық семинарға Дулати университеті Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев, Жамбыл облысы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы, қалалық және аудан әкімдігінің білім бөлімдері және 9-сыныптарда өтілетін «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын жүргізетін тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Барлығы 100-ге жуық педагог мұғалімдер қатысып, білім беру жүйесіндегі дінтану ғылымының өзектілігі мен оқыту сапалығы, қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың идеологиясын алдын-алу мақсатында жастар арасында ұлттық тәрбиені жаңғырту бағыттары туралы көкейкесті мәселелер талқыланды.

Подробнее

КУРАТОРЛЫҚ САҒАТТА ӨТІЛЕТІН ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

2022 жылдың 02 - ақпанында 1.3-309 оқу ғимаратында «Филология және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы Б.Ж.Мырзаханованың ұйымдастыруымен «Конвергенттік журналистика» мамандығының 1-курс студенттеріне қоғамдағы діни экстремизм көріністерін алдын-алу бағытына байланысты кураторлық сағаты өтілді. Аталған кураторлық сағатқа Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып, студент жастарға қоғамдағы деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақ болуға, интернет желісінде шетелдік діни үгіт-насихаттарды тыңдамауға және конфессияаралық, этносаралық қатынасты сақтауға шақырды. Сонымен қатар, Б.Алпысбаев көрнекті слайд арқылы Дінтану орталықтың жұмыс барысымен таныстырып, қоғамдағы діни экстремизм көріністерін алдын-алу үшін студенттер арасында рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде толеранттылық және жауапкершілік қасиетке тәрбиелеу қажеттілігін атап өтті.

Подробнее

ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ

2022 жылдың 01-ақпанында 2.5 - 427 оқу ғимаратында «Текстиль материалтану және стандарттау» кафедрасының оқытушысы Корабаева Аймерей Оралханқызының ұйымдастыруымен «Стандарттау және өнер кәсіпте сапаны бақылау» мамандығының 1,2,3 курс студенттеріне арналған дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында кураторлық сағаты өтілді. Аталған іс-шараға Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып, еліміздің дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру бағыттарымен таныстырды. Сонымен қатар, Б.Алпысбаев өз баяндамасында: «...жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу шаралары бойынша жұмыс ең алдымен, өскелең ұрпаққа берілетін тәрбиемен ұштастырыла атқарылуы тиіс. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр...» деп атап өтті. Іс-шараның соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасты.

Подробнее

ЖАТАҚХАНА СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ

2022 жылдың 14-қантарында Дінтану орталығы тарапынан №2, 3 жатақхана студенттерімен рухани-адамгершілік тәрбие беру бағытында топтық және жеке кездесу жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында Б.Алпысбаев студенттерге алаштың ардақтысы  Мағжан Жұмабаевтың «Кімде-кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін сүйсе, әсіресе, адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі дейміз» деп айтқандай, рухани-адамгершілік құндылықтарды ұрпақ бойына дарытып, әлеуметтік ортадағы мейірімділік, ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу, жастардың өмірге оң көзқарастарын қалыптастыру бүгінгі нақтылықтың негізгі мәселесіне айналу керектігін атап өтті. Соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасты.

Подробнее

СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ДІНИ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2021 жылдың 23-желтоқсанда «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институты «Өмір тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтілді. Аталған кездесуге Тараз қаласының ювеналдық полиция қызметкерлері, институт директоры Шилібек Кенжеғали Қошқарбайұлы, «Әлеуметтік психология»  кафедрасының аға оқытушысы А.Т.Абдрахманова және Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев қатысып, студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алуына байланысты құқықтық және діни сауаттылықты қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып өтті. «Тәрбие және ұлттық құндылық», «діни экстремзмнің қауіп-қатері», «құқықбұзушылық әрекеттерден сақ болу» тақырыптарға орай, еркін түрде пікірлер алмасылды.

Подробнее

№1 СТУДЕНТТЕР ҮЙІНДЕ ДІН САЛАСЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

2021 жылдың 09-желтоқсан күні ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатының іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарда көрсетілгендей «Жастардың антиэкстремистік санасын қалыптастыруға, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған шараларды іске асыру» бағыты бойынша Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев және «Өнер және спорт» факультеті бірлесе отырып, №1 жатақхана студенттеріне рухани-тәрбие саласында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қоғамдағы діни экстремизмдік идеяны алдын-алу үшін ең алдымен жастардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіру және білімді тұлға ретінде тәрбиелеп қалыптастыруда отбасы мен білім алатын ортасы үлкен рөл атқарады. Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтілді. Студенттер дін саласына байланысты көптеген сұрақтар қойып, оларға толыққанды дінтанулық, құқықтық бағытта жауаптар берілді.

Подробнее

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРМЕН БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

2021 жылдың 02-желтоқсанда  Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Д.Кәрібектің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңестің мүшесі ретінде Дулати университеті Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев, Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, БАҚ тілшілері және кеңес мүшелері қатысты. Кеңес отырысының күн тәртібінде қарастырылған мәселелер:

  • облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Н.Қалымбетовтың баяндамасы;
  • облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы А.Садубаевтың баяндамасы;
  • облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Ж.Омаровтың баяндамасы тыңдалды.
Подробнее

«ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» КУРСЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

2021 жылдың 26-қарашада Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі №47 орта мектебінің ұйымдастыруымен 9-сынып оқушылары арасында өтілетін «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы аясында ашық сабақ өтілді. Аталған курс жалпы орта білім жүйесіндегі әлеуметтік-гуманитарлық және қоғамтанулық білім алудың құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл курстың өткізудің негізгі мақсаты:

  • білім алушыларды зайырлылық қағидатын құндылық, яғни мемлекет тұрақтылығының басты факторы ретінде қабылдауға, дінді зайырлы таным аясында тануға үйрету;
  • діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің, жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білімін қалыптастыру;
  • оқушыларды экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын қабылдамауға үйрету, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру.
Подробнее

«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ – БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ТӨНГЕН ҚАУІП»

2021 жылдың 24-қарашада «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы  19-3,5 топтарының кураторлары Қ.Н. Сарыбекова және М.Т. Абжапарованың ұйымдастыруымен «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Аталған тәрбие сағатына Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып,  діни экстремизмнің қауіп-қатері мен олардың діни-саяси идеологиялық белгілерін түсіндіріп өтті. Студенттер тарапынан қойылған «Діни экстремизмнің алдын-алу үшін қандай шаралар қолдану керек?», «Дәстүрлі емес діни ағымның ықпалына түскен жастардың психологиялық портреті қандай болады?», «Өзге жоғары оқу орнында Дінтану орталықтар жұмыс жасайды ма?» деген сұрақтардың жауаптары еркін түрде талқыланып,  студенттер арасында діни сауаттылықты қалыптастырудың қажет екендігіне тоқталды.  Ұйымдастырушы тарапынан бейнеролик пен слайдтар көрсетілді.

Подробнее

«СТУДЕНТ ЖАСТАР АРАСЫНДА ДІНИ ФАНАТИЗМНІҢ АЛДЫН-АЛУ ЖОЛДАРЫ»

2021 жылдың 23-қарашада «Технологиялық» факультетіне қарасты  «Химия және химиялық технология» кафедрасының топ кураторы С.Мамешованың ұйымдастыруымен «Қазіргі әлемдегі лаңкестік және діни экстремизмнің қауіпі» тақырыбында онлайн форматында кураторлық сағаты өтілді. Бұл іс-шараға Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып, студенттерге қоғамдағы діни жағдайымен таныстырып өтті. Ең бастысы студенттерге түсіндіру барысында қоғамдағы дінаралық және этносаралық қақтығыстардың туындауына жол бермеу және Қазақстан халқының көпэтносты және көпконфессиялы біртұтастығы мен бірлігін көрсететін рухани-мәдени мұраны одан әрі сақтау мен дамыту міндеті айтылды. Соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасты.

Подробнее

СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2021 жылдың 11-12 қарашада Дулати университетінің Дінтану орталығы тарапынан «Өнер және спорт» факультетіне қарасты «Дене шынықтыру және спорт теориясы», «Спорт пәндердің әдістемесі» және «Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі» кафедралардың кураторларына дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында кураторлар арасында діни сауаттылықты қалыптастыру мақсатында 10 сұрақтан тұратын сауалнама алынды. Бұл сауалнамаға үш кафедра тарапынан жалпы қосқанда 36 оқытушы қатысты. Дінтану орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Б. Алпысбаев кураторларға еліміздегі дін саласындағы мемлекеттік саясатын айта отырып, діни экстремизм мен терроризм көріністерін алдын-алу және радикалдық идеологияға қарсы рухани иммунитет қалыптастырудың бірден-бір жолы – бұл студенттерге дер кезіңде діни ағымдардың қауіп-қатері туралы ақпараттарды жеткізу және рухани тәрбие беру бағытында кураторлық, тәрбиелік сағаттарды жиі өткізу болып табылады. Сол үшін барлық кураторлар факультеттің тәрбие жұмыс жоспарында «Діни экстремизм көріністерін алдын-алу» бағыты көрсетілгендей, діни тақырыпта өткізетін тәрбие сағатында міндетті түрде Дінтану орталығымен бірлесе жұмыс жасау керектігі айтылды.

Жастардың бойында ұлттық және рухани құндылықтар басым болған жағдайда ғана, өзге діни ағымдарың ықпалынан сақтай аламыз.

Подробнее
Top