2026 жылғы 27 ақпанда М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «Білім берудегі инновациялар: кәсіби даму және жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияны университеттің Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті ұйымдастырды. Іс-шара білім беру саласындағы инновациялық технологиялар мен заманауи педагогикалық тәсілдерді талқылауға, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және отандық әрі халықаралық тәжірибе алмасуға арналды.
Конференция жұмысына жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер, докторанттар, магистранттар, студенттер, мектеп және мектепке дейінгі ұйым педагогтері, сондай-ақ жас зерттеушілер қатысты.
Ғылыми бағыттар аясында филология, қоғамдық-гуманитарлық, педагогикалық және жаратылыстану ғылымдары бойынша баяндамалар ұсынылып, білім беру үдерісіне инновациялық және цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері қарастырылды.
Конференция қашықтық форматта өткізіліп, қатысушылар өз ғылыми мақалаларын ұсынды. Барлық қатысушыларға QR-кодпен расталған электронды сертификаттар табысталды.
Ақпараттық хат
Іс-шара білім беру сапасын арттыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік ынтымақтастықты нығайтып, тәжірибе алмасуға арналған тиімді халықаралық алаң болды.
Ұйымдастыру комитеті
М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті ![]()