Версия для печати

Құрылыс 3D принтерін іске қосу жұмыстары басталды

М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінде ресейлік АМТ компаниясы шығарған S300-2 құрылыс 3D принтерін монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстары басталды. Бұл принтер "BR24992867 - Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжинирингтік орталық құру" бағдарламасы бойынша нысаналы қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде сатып алынды.

Жұмыстар Басқарма төрағасы – Ректор у.м.а. Орынбаев С.Ә. басшылығымен ресейлік 3D CDC компаниясының басшысы А.Е. Чикуновтың, "Farlow ЖШС басшысы Сулейменов К., "Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістері" ҒЗЗ ғылыми қызметкерлерінің және университеттің шаруашылық бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілуде.

Қазіргі уақытта іргетас тіректерін орнату, рамалық элементтерді монтаждау, фермалар мен байланыстырушы блоктарды жинау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды 2025 жылдың желтоқсан айының бірінші онкүндігінде аяқтау жоспарлануда.

Айта кетейік, бұл құрылыс 3D принтері Тараз қаласы мен Жамбыл облысында іске қосылатын осындай жалғыз жабдық болып табылады.

Прочитано 33 раз