Версия для печати

Халықаралық ынтымақтастық: Жамбыл облысының делегациясы А.С. Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университетіне ресми сапармен барды

Жамбыл облысының делегациясы Ресей Федерациясының Ленинград облысына барып, А.С. Пушкин атындағы Ленинград мемлекеттік университетіне (ЛГУ) арнайы атбасын тіреді.

Сапардың мақсаты – Қазақстан мен Ресей арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және өңіраралық байланыстарды нығайту болды.

Қонақтарды А.С. Пушкин атындағы ЛГУ-дің ректоры Григорий Викторович Двас және халықаралық бөлімнің меңгерушісі Мария Викторовна Матвеева қарсы алды. Делегацияны Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Айжан Есмагамбетова бастап келді. Құрамында Дулати университетінің стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Шолпан Есимова, сондай-ақ облыс әкімдіктерінің, білім беру, энергетика, құрылыс, ТКШ басқармалары мен өңірлік білім ұйымдарының өкілдері болды. Кездесуге Ленинград облысы тарапынан Сыртқы байланыстар комитеті мен Білім комитетінің өкілдері қатысты.

Университет ректоры қонақтарға кампусты аралатып, аудиторияларды, зертханаларды, спорттық нысандарды және оранжереяны таныстырды. Келіссөздер барысында тараптар А.С. Пушкин атындағы ЛГУ мен Дулати университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандум дайындауға келісті.

Негізгі серіктестік бағыттары белгіленді: Жамбыл облысы мамандарын қайта даярлау бағдарламалары, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, сондай-ақ екі университеттің бірлескен білім беру бастамалары болып табылады.

Кездесу достық әрі конструктивті атмосферада өтіп, университеттер мен өңірлер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашты.

сап глав

сап1111

сап2222

 

Прочитано 41 раз