Версия для печати

ХАБАРЛАНДЫРУ

«М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КеАҚ бос лауазымдық орындарға  конкурс жариялайды: 

  • «Технологиялық» факультетінің деканы – 1 бірлік;   
  • «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» факультетінің деканы – 1 бірлік.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

- «М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы - Ректордың атына жазылған өтініш;

- кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы;

- жеке куәлік көшірмесі;

- өмірбаян;

- резюме;

- соңғы жұмыс орнынан мінездеме;

- еңбек қызметін растайтын құжат ;

- алдын ала медициналық куәландырудан өткені туралы құжат;

- жоғары білімі мен академиялық және ғылыми дәрежесі  туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмелері;

- біліктілікті арттыру және қайта даярлау туралы сертификаттардың көшірмесі (болған жағдайда) және салыстыру үшін түпнұсқалары;

- ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда);

- соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

- әкімшілік құқық бұзушылық туралы анықтама;

- конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы Наркологиялық ұйымның анықтамасы; 

- конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмайтыны туралы Психоневрологиялық ұйымның анықтамасы;

- қызмет нәтижелері туралы презентация (қағаз және электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес).

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Факультет деканының біліктілігіне қойылатын талаптар:

Негізгі талаптар

- жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

- ғылыми дәрежесінің (немесе PhD дәрежесінің) болуы;

- білім беру ұйымдарындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі (кафедра меңгерушісі, факультет деканының орынбасары, ЖОО құрылымдық бөлімшелерінің басшысы) кемінде 5 жыл;

- ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі 10 жылдан астам;

- зейнет жасында болмауы;

- мемлекеттік тілде сабақ өткізу тәжірибесінің болуы;

- университет әкімшілігінің, білім алушылар мен оқытушылардан «Университет ПОҚ, қызметкерлері мен білім алушыларының академиялық адалдық ережелеріне» сәйкес ескертулері мен наразылықтарының болмауы.

Қосымша талаптар

- соңғы 5 жылда білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы;

- оқу, оқу-әдістемелік (оқу-әдістемелік құралдар мен білім беру бағдарламаларының (ББ) авторлары болып табылатын) және ғылыми қызметтерде (соңғы 5 жыл ішінде ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген басылымдарда және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда кемінде 5 ғылыми мақалаларды жариялауы) жетістіктердің болуы.

Өтініш беру мерзімі: хабарландыру университеттің http://dulaty.kz. сайтында жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен  кешіктірілмеуі тиіс, 2025 жылғы  10 қазан мен 19 қазан  аралығында. 

Мекен-жайымыз: 080000, Тараз қаласы, Ы. Сүлейменов көшесі, 13,  101, 103 бөлмелер (1.1 корпус)  (Персоналды басқару қызметі), тел. 8-(7262)-43-27-77, e.mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Прочитано 116 раз